Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет24/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54

               ережелерiн бұзу
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006.01.01 бастап  қолданысқа енгізілді), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту,
               сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын
               жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
      Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 301-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 Заңымен.
       302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн
               лицензия шарттарын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару немесе оларды Қазақстан Республикасының континенттік қайраңына төсеу ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 302-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу
               ережелерiн бұзу
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын заңсыз өзгерту, -
      жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 303-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
                қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды
                көму ережелерiн, сондай-ақ уақытша тоқтата тұру
                және бөлшектеу ережелерiн бұзу
      1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -
      жеке адамдарға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма бес есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 304-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
      305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
               қайраңын қорғау органдары лауазымды
               адамдарының заңды талаптарын орындамау
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 305-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      306-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк
                қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі)
                және ішкі суларындағы минералдық және
                биологиялық ресурстарды заңсыз беру
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -
      жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 306-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
      306-1-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
      1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнама талаптарын орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы, -
      экологиялық аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      экологиялық аудиторлық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, экологиялық аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын экологиялық аудиторлық ұйымдарға - сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Тексерiлiп жатқан тұлғаның экологиялық аудит жүргiзiлу барысында дұрыс емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын көрiнеу дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты беруi, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 306-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      306-2-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін
                  бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған
                  уылдырығын өткізу
      1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
      таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпiстен тоқсанға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      таңбалау тәртібін бұзып таңбаланған уылдырықты не таңбаланбай өткізілетін уылдырықты тәркілей отырып жеке адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жетпіске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз оннан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз қырықтан жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 306-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды
                  орындау мен қызметтер көрсететін жеке және
                  заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы
      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде дәйексіз деректерді ұсынуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасау, олар қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса не үш реттен артық жасалса және егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензиядан айыра отырып, үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 306-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
      Ескерту. 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 299, өзгеріс енгізілді - 2009.07.24 N 190-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен
               және арамшөптермен күрес жөнiндегi ережелердi
               бұзу
      1. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын:
      уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті аумақтарда карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу және оның күшін жою туралы шешімді уақтылы қабылдамауы;
      өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді тиісінше және уақтылы ұйымдастырмауы;
      карантинді объектілердің таралуының есебін тиісінше не уақтылы жүргізбеуі және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпаратты тиісінше не уақтылы бермеуі түрінде жасаған бұзушылығы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамаларын нұсқамада белгiленген мерзiмдерде орындамау не тиiсiнше орындамау –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20. N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      308-бап. Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден
                өтпеген материалдарды әкелу және әкету
       Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсiмдiк материалдарын өсiмдiк карантинi жөнiндегi шекаралық пункттерге және шекарадағы бекеттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктердi рұқсат етiлетiн карантин құжаттарынсыз тасымалдау, -
      карантиндегi өнiмдердi тәркiлей отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 308-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      309-бап. <*>
      Ескерту. 309-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      309-1-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
                  заңнамасын бұзу
      1. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      2. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу, -
      жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуі және (немесе) көлік ұйымдарының астықты уәкілетті органмен алдын ала келіспей әкетуі, -
      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі ережелерін бұзуы, -
      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Астық қабылдау кәсіпорнының «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысты емес қызметті жүзеге асыруы, үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер беруі және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі, -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы, олар құжаттамамен расталған жағдайда, -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Астық қабылдау кәсіпорнының оларсыз астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтын не айтарлықтай нашарлайтын негізгі құрал-жабдықтарды иеліктен шығаруы, -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
      лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы -
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттемені орындамауы -
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 309-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет