Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру



бет22/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54

                қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру
       Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi, арнайы жер қоры бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -
      жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 257-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 Заңымен.
      258-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және
               бағалау мәлiметтерiн бұрмалау
      Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 258-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      258-1-бап. Қазақстан Республикасының геодезия және
                  картография саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды:
      геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарт;
      штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру -
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 18-тарау 258-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      259-бап. Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық
               зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу
      Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 259-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу
      Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      261-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу,
               сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу
      Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жiберу талаптарын бұзу, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 261-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.01.09. N 213 Заңдарымен.
      262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта
               өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу
               кезiнде ережелердi бұзу
      Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 262-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу
               жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және
               пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау
               ережелерiн қамтамасыз етпеу
      Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 263-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      264-бап. Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу
               жөнiндегi жобалық шешiмдердi сақтамау
      Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi пайдалы қазбаларды және компоненттердi алудың толықтығы мен пайдаланудың кешендiлiгi, өндiрiс қалдықтарын бөлек жинау және сақтау бөлiгiнде сақтамау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 264-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      265-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды
              шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық
              нормалар мен ережелердi бұзу
      Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 265-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      266-бап. <*>
      Ескерту. 266-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       267-бап. Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы
               қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу
               жөнiндегi ережелердi бұзу
      Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      Лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 267-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      268-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi
              есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк
              есептеменi бұрмалау
      Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 268-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      269-бап. Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы
               қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау
               ережелерiн бұзу
      Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      270-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу,
               кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн
               бұзу
      Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 270-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      271-бап. Кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын олардың
               сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн
               қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру
               ережелерiн бұзу
      Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе уақытша тоқтатылған кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру жөнiндегi ережелердi, сондай-ақ уақытша тоқтатылған кезде кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын сақтау жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 271-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      272-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн
               тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi
               ережелердi бұзу
      Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 272-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау
               органдарына минералды шикiзатты пайдалану
               туралы ақпарат беруден бас тарту немесе
               жалтару
      Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 273-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және
               минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы
               заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар
               немесе рұқсаттар беруi
      Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 274-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар
                жүргiзу ережелерiн бұзу
       1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың талаптарын бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 275-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      275-1-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi
                  тiркеу
      Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен мемлекеттiк жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 19-тарау 275-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу
      1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және Қазақстан Республикасының су заңнамасында тыйым салынған қызмет түрлерін су қорғау аймақтары мен су белдеулері шекаралары шегінде жүзеге асыру, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 276-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
      277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын
               және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн
               зақымдау, оларды пайдалану ережелерiн бұзу
      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 277-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      278-бап. Су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн заңсыз
                құрылыс
      1. Өзендердiң және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi заңсыз салу, -
      ескерту жасауға немесе заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңсыз су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 278-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      279-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны
               пайдалану ережелерiн бұзу
      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оны пайдалану ережелерiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 279-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 Заңымен.
      280-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есеп-қисап
               деректерiн бұрмалау
       Су кадастрын есепке алу мен есеп-қисап деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 280-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
      281-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi жасау
      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерiне орай оларды реттеуге кедергi жасау, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      281-1-бап. Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу
      1. Ортақ су пайдалану ережелерін:
      тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу;
      жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет бекеттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуі түрінде бұзу, -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 281-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.
      281-2-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
      1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 281-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 180-IV Заңымен.
      282-бап. Орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану
      Тиiстi рұқсатсыз тамырымен жұлу, құрылыстар салу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар тұрғызу және басқа мақсаттар үшiн орман қоры учаскелерiн заңсыз пайдалану, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 282-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      283-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет