Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет30/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54

                  беру
      Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкiлеттi емес тұлғаларға заңсыз беруi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 356-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет
                  атқаратын лауазымды адамның атағын өз
                  бетімен иелену
 
       1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 356-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       357-бап. Озбырлық
      Озбырлық, яғни бiр адамның заңдармен белгiленген тәртiпке қарамастан, заңсыз жасаған, заңдылығы екiншi бiр адам немесе ұйым тарапынан дау туғызатын iс-әрекетi, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       357-1-бап. Тиiстi тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы
                   рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз
                   (куәлiгінсiз), басқа да рұқсатсыз,
                   хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен
                   айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi
                   (операцияларды) жүзеге асыру
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Рұқсат, лицензия, бiлiктiлiк аттестаты (куәлiгi), хабарлама жасау мiндеттi болған жағдайларда, кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен тiркеусiз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, бiлiктiлiк аттестатынсыз (куәлiгiнсiз), басқа да рұқсатсыз, хабарламасыз айналысу, сондай-ақ iс-әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркiленiп не онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табысты (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасы және (немесе) құралы тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал кәсiпкерлiк немесе өзге қызметпен лицензиясыз айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 357-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       357-2-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу дұрыс емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан лицензиялау нормаларының бұзылуын жоймау, -
      белгiлi бiр қызмет түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       357-3-бап. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға лицензия,
                  арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын
                  (куәлiгiн) беру тәртiбi мен мерзiмiн бұзу
      1. Кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға лицензия, арнайы рұқсат, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) беру мерзiмiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Лицензияны, арнайы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiгiн) заңнамада белгiленген тәртiптi бұза отырып беру, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жетпіске дейінгі дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      357-4-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды
                  мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен
                  өкiлдiктердi есептік тіркеу туралы заңнамасын
                  бұзу
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкiлдiктi қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру, -
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның тұратын жерiнiң өзгергенi туралы уақытында хабарламау, -
      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе)
                  лицензияға қосымшаны қайтармау
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 357-5-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      357-6-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру 
                  нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
                  заңнамасын бұзу
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi заңнамасын өзге де бұзу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 357-6-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      357-7-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және
                  оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі
                  қызметке қойылатын талаптарды бұзу
      1. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды жеке немесе заңды тұлғалардың бұзуы -
      жеке тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
      қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпу. 24-тарау 357-7-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де
                 уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан
                 Республикасының салық заңнамасында белгiленген
                 мiндеттердi орындамауы
      1. Осы бөлiкте көрсетiлген органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетке аударуға жататын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Салық қызметi органдарына табыс ету үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың табыс етпеуi, уақтылы, анық немесе толық табыс етпеуі –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
      лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 358-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013  № 121-VКонституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       358-1-бап. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
                 жекелеген негiздер бойынша мемлекет
                 меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу мен одан
                 әрi пайдалану ережелерiн бұзу
      1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) дер кезiнде тапсырмау, -
      жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн сақтамау, сондай-ақ осындай мүлiктi сатудан түскен соманы мемлекеттiк бюджетке дер кезiнде аудармау, -
      лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға - қырық бес айлық есептiк көрсеткiш айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 358-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгізілді - 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
       359-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді осындай мәліметтер туралы өзіне белгілі болған адамдардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, —
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 359-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12 N 240 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       360-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың
              (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi
               төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай, сондай-ақ
               мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып,
               белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруы
      1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықты және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке өндiрiп алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жүзеге асыруы, -
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 360-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
      361-бап. Салық есебiне тұрудан бас тарту немесе
               салық есебiне тұру мерзiмiн бұзу
      1. Салық төлеушiнiң тiркелу есебiне немесе салық төлеушiнiң қосылған құнға салық төлеушi ретiнде есепке тұрудан бас тартуы, сол сияқты салық органы лауазымды адамының салық заңдарында белгiленген мұндай тiркеу (есеп) мерзiмiн бұзуы, -
      салық органы басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      салық органының басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 361-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      362-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
      Егер бұл іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін мына бөліктерінде орындамау:
      1) келу және кетудiң ерекше режимi;
      2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу, сондай-ақ сол жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушыларды олардың есебiнен өздерi тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жердiң аймағынан шығарып жiберу туралы нұсқау;
      3) жиналыстар, митингiлер, шерулер мен демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
      4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
      5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спиртi бар заттармен сауданы шектеу немесе тыйым салу;
      6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
      7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио,- және теледидар хабарларын тарату аппаратурасын, дыбыс,- және бейне жазу техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқаулар; бұқаралық ақпарат құралдарына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
      8) байланысты пайдаланудың айрықша ережелерi;
      9) көлiк құралдарының қозғалысын шектеу және оларды тексеруден өткiзу;
      10) коменданттық сағат уақытында жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 362-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2009.07.10 N 176-IV Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      362-1-бап. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында
                  құқықтық режимнің бұзылуы
      Құқықтық режимді бұзу немесе терроризмге қарсы операциялардың жариялануына байланысты белгіленген талаптарды:
      1) келудің және кетудің ерекше режимі;
      2) жергілікті жерлердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жеке тұлғалардың болуына тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі жасау;
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке тексеріп қарауға және жеке адамның заттарын тексеріп қарауға, көлік құралдарын тексеріп қарауға кедергі жасау;
      4) байланысты пайдаланудың айрықша ережелері;
      5) егер кешеуілдеу адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстау үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі жасау;
      6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
      6-1) күзет қызметін тоқтата тұру;
      7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі жасау;
      8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
      9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі жасау;
      10) қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар саудасын шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнімдер айналымының айрықша режимін орнату бөлігінде орындамау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата отырып, екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 362-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       363-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқық тәртiбiн
                 бұзуға итермелейтiн iс-әрекеттер
      Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған құқық тәртiбiн бұзуға немесе ұлттық және дiни алауыздық туғызуға итермелейтiн iс-әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi жасау, сонымен қатар қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындаушы iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметкердiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерi мен талабына қасақана бағынбау, не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын iс-әрекеттер жасау, сондай-ақ әкiмшiлiк қадағалау туралы заңдарды бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 363-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       364-бап. Түрлi-түстi көшiру құралдарын есепке алу,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет