Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


және (немесе) анықтаманы заңсыз алу



бет32/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54

                 және (немесе) анықтаманы заңсыз алу
      1. Ауруды өтiрiк сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      380-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      380-2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
                  заңнаманы бұзу
      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы,-
      жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған нақ сол іс-әрекеттер,-
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
      Ескерту. 380-2-баппен толықтырылды - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      381-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін
                бұзу
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
      1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну –
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 381-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
       381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп
                   деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс
                   етпеу, уақтылы табыс етпеу, жасыру, қосып
                   жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
       1. Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерiн табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгiленген мерзiмдi бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерiн басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда болсын кедергi жасау, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 381-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      381-2-бап. Әкімшілік деректер ұсыну тәртібін бұзу
      1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректер ұсыну –
      әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
      әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамдарына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 381-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      382-бап. Статистикалық байқаулар жүргiзуден бас тарту
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 382-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      383-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық
                деректерді, статистикалық ақпаратты және
                (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы,
                беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
      Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, –
      айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 383-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      384-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген
                статистикалық нысан бойынша жинау
      Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау –
      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 384-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      384-1-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша
                  жинау
      Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –
      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 384-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен
               белгiлеу ережесiн бұзу
      1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде
               белгiленген талаптарды бұзу
      1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
      қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 386-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
      387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын
               көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар
               мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін
               бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 387-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
       388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 388-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 N 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      388-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының
                  қызметіне кедергі келтіру
      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырған, лауазымды адамның олардың заңды қызметіне қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның бұл қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып араласуы -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 388-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРАСЫ
РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және
               жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу
      1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жекелеген жерлерде болудың заңдармен белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 389-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      389-1-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
                  Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері
                  мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары
                  мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақпен
                  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
                  Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері
                  мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары
                  мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан
                  аумағында белгіленген шектеулерді бұзу
      1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы, -
      айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің – бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнату, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің – бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 389-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының
                (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу
      1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 390-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
               шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi
               бұзу
      1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                 шекарасы режимiн бұзу
      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 391-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
               шекарасы арқылы заңсыз алып өту
      1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      393-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының
                Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі
                міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды
                өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан
                Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға
                қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау
      Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқаруымен байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын адамдардың заңды талабына бағынбау –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 393-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.16 N 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның
                Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы
      1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тiркелу мерзімдерін не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуінен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден  жалтаруынан, келу мақсатының визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрінген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
      Он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберілуіне әкеп соғады.
      Ескерту. 394-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
      Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 25-тарау 394-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан
                Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын
                бұзуы
      1. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнінде шаралар қабылдамауы, –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын дара кәсіпкердің, лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүріп-тұру құқығына құжаттарды ресімдеу және белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан қайтып кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы, –
      лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасына заңсыз келуден, оның аумағында заңсыз жүріп-тұрудан, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтарудан, нақты тұратын жері тіркеу кезінде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуінен көрінген, Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу қағидаларын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй беру, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдікпен немесе азаматтығы жоқ адаммен мәмілелер жасасуы, -
      лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 395-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      396-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
                отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп
                келушілерді тарту, Қазақстан Республикасында
                шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның еңбек
                қызметін заңсыз жүзеге асыруы
      1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалануы -
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк қызметкердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
      лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу еңбек қызметiн жүзеге асырудың қажеттi шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы –
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекші көшіп келушілерді ішкі істер органдары беретін тиісті рұқсатсыз тартуы немесе бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы -
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 396-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      397-бап. Алып тасталды - ҚР 2007.07.06. N 276 Заңымен.
      398-бап. Босқынның тұру ережелерін бұзуы
      Ескерту. 398-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
                 еңбекке орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет
      Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi жөнсiз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексiз ақпарат берiп жүзеге асыру, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 399-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2006.03.02 N 131, 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  26-тарау. КЕДЕН IСТЕРI САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
      Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 400-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
      400-1-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет