Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


туралы көрінеу жалған ақпарат беру



бет28/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54

                 туралы көрінеу жалған ақпарат беру
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат беру, -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 334-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 308 Заңымен.
      335-бап. Үйде жасалатын алкогольдік ішімдіктерді
               дайындау және сату
      Самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да алкогольдік ішімдіктерді сату мақсатымен заңсыз дайындау, сол сияқты аталған спирт iшiмдiктерiн сату, -
      алкогольдік ішімдіктерді, аппараттарды, оларды дайындауға арналған шикiзаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркiлей отырып, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 335-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10 N 176-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      336-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық
               орындарға мас күйiнде келу
      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, -
      екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі –
      ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, алкогольдік ішімдіктерді iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, -
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27. N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 176-IV , 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
       336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге
                 тыйым салуды бұзу
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, -
      лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       336-2-бап. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын,
                  психотроптық заттарды және прекурсорларды
                  медициналық тұрғыдан тыс тұтыну
      1. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну -
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынғаны үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жазаға тартылған адам жасаған әрекет -
      он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       336-3-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта
                 ойын-сауық мекемелерінде болуы
      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, -
      заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 336-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 176-IV Заңымен.
      336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке
                  толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
      1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -
      заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
      заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 336-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       337-бап. <*>
      Ескерту. 337-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       338-бап. Құмар ойындар
      1. Бұл үшiн бөлiнбеген орындарда құмар ойындарға (ақшаға, затқа және басқа құндылықтарға) қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тiгуi, -
      ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркiлей отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету, -
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 338-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 220 (2007 жылғы 1 сәуірден бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі
                 туралы заңнамасын бұзу
      1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсіп орындары мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыру, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құмар ойындарды Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласында қызметті лицензиясыз жүзеге асыру, -
      тиесілігіне қарамастан ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық түрде енгізілген ұтыс проценті бойынша талаптарды сақтамау, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып және лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге мүлік түрінде ставкалар қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейне жазба жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9-1. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бірыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеуді және ұтысты төлеуді аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау не бәс тігуге қатысушылардың нәтижесіне өздері ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкіндік беретін ойын жабдығын орнату міндетін орындамау, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бірінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, 9-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың екінші және алтыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгілері, ақшалары мен әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркілене отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 338-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.12 N 220 (2007.04.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.05.04. N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
       339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау
      Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
      аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау
               мен пайдалану ережелерiн бұзу
      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 340-бап өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе
               табиғи объектiнi қорлау
      1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      341-1-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе
                  жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну
      1. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну –
      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін алты айға тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекет – жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстары тәркіленіп, қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне үш жылға дейінгі мерзімге тыйым салынып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 341-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-тарау. БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ
      342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық
                ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу
      1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттiктерiн есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн олардың өнiмiн, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының баспа өнiмi немесе өзге де өнiмi тәркiлене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
      6. Заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
     Ескерту. 342-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгізілді - 2007.06.19. N 264 Заңдарымен.
      342-1-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын
                  тарату туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио компаниялардың:
      отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген пайыздық нормалардан кем тарату;
      телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;
      телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату түрінде жасалған бұзуы, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын телерадио хабарларын тарату операторларының:
      ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;
      телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;
      телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзуы, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының:
      жергілікті уақыт бойынша 06.00-ден 22.00-ге дейінгі кезеңде балалар мен жасөспірімдердің денелік, психикалық, имандылық, моральдық және рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін телебағдарламаларды, сондай-ақ «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Е 18» индексімен индекстелетін фильмдерді тарату;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау мүддесінде халықты хабардар ету сигналын телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың он бес минут ішінде уақтылы таратпауы;
      телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;
      жерүсті спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуіл жасау;
      телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке қойылмаған шетелдік теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасалған бұзуы, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
      дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 23-тарау 342-1-баппен толықтырылды- ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет