тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 400-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
400-2-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 400-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
401-бап. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен
кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік
құралдарының келгені туралы Қазақстан
Республикасының кеден органына хабарламау
Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 401-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
402-бап. Өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы
кеден органының рұқсатынсыз тауарлар мен көлiк
құралдарының кеден одағының кеден аумағынан
тысқары жерге кетуі
1. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, егер тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болса не тауарлар мен көлік құралдарын әкету оларды кедендік бақылауға орналастыруды көздесе, өткізу пунктінде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік шекара арқылы кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, оның ішінде кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етілуі міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 402-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
403-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері
жағдайында шаралар қолданбау
Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзуге қабылданған немесе транзитпен өткізілетін тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына істің мән-жайы, осындай тауарлар мен көлік құралдарының орналасқан жері туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлік құралдарының орналасқан жеріне жеткізуді қамтамасыз етпеу –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 403-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу
орнына бермеу
Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 404-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың
құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден
органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе
Қазақстан Республикасының кеден органына
жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзбеу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу –
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген жеткiзу мерзімін сақтамау –
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 405-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтін орындарда тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 406-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
407-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден
органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 407-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
408-бап. Кедендiк бақылауда тұрған кемеге және басқа
жүзу құралдарына жанасып тоқтау
Ескерту. 408-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
409-бап. Тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыруға
байланысты кедендік операцияларды жасау
және тауарларды кедендік тазалау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртiбiн бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдеуге орналастырудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 409-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
409-1-бап. Кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 409-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
410-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз
операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту,
пайдалану және (немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, өздеріне қатысты тауарларды шығару туралы шешім қабылданбаған тауарлармен операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 410-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
411-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының
рұқсатынсыз жүргiзiлетiн жүк және өзге де
операциялар
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз кеден бақылауында тұрған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, зақымданған орамды жөндеу, буып-түю, қайта буып-түю немесе тасымалдауға қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, қораптарды және басқа да орындарды ашу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 411-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
412-бап. Сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау,
жою, зақымдау не жоғалту
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы қолданған сәйкестендіру құралдарын қасақана өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 412-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
413-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 413-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
413-1-бап. Кеден өкілінің кеден ісі саласындағы қызметті
жүзеге асыру тәртібін бұзуы
1. Кеден өкілінің үшінші тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзімі өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейін үшінші тұлғаның мүддесі үшін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кеден өкілі бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 413-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
413-2-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі
саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін
бұзуы
Уәкілетті экономикалық оператордың осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 413-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
414-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен
мәлiметтерді беру мерзiмдерiн бұзу
Осы Кодекстің 434-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуі, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 414-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына
есептілікті табыс етпеу және есеп жүргiзу
тәртiбiн сақтамау
Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендік немесе еркін қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеуі, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 415-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
416-бап. <*>
Ескерту. 416-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,
оларды сақтау және олармен операциялар жүргізу
тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзiмдерiн, тауарларды бiр қоймадан екiншi қоймаға ауыстыру тәртiбiн бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 417-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Осы Кодекстің 414 және 434-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 417-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және
қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру
1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 418-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
419-бап. <*>
Ескерту. 419-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)Заңымен.
420-бап. <*>
Ескерту. 420-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеу не осы
аумаққа қайтармау
Ескерту. 421-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде әкету көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкету мiндеттi болған жағдайларда, Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде керi әкелу көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкелу мiндеттi болған жағдайларда, белгiленген мерзiмдерде Кеден одағының кедендiк аумағына қайтармау –
әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 421-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
422-бап. Тауарларды жою тәртiбiн бұзу
Ескерту. 422-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге
орналастырылған тауарлармен және көлiк
құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу, олардың
жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және
(немесе) оларға билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, кедендiк рәсiм талаптары мен шарттарын сақтамау –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 423-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн
сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 424-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып,
тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен жөнелтілмейтін багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 425-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта
Достарыңызбен бөлісу: |