Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет4/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

              мерзiм
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.
8-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАЗАДАН
БОСАТУ
      67-бап. Iс-әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне
              байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
      68-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда
              әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.
      Ескертулер.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi – бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
      Мүліктік емес сипаттағы зиян келтірген құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны көрсетілген негіздер бойынша жауаптылықтан босату туралы мәселені шешкен кезде қол сұғу объектісін, құқық бұзушылықты жасаудың нақты мән-жайларын негізге алу керек.
      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк
              жауаптылықтан босату
      1. Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
      2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, табиғи монополиялар туралы заңнамасы мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткен соң, ал салық салу, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, табиғи монополиялар туралы заңнамасы мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттік қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
      4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
      Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.
      5. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
      6. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
      7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
      Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.09.25 N 484, 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      70-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
              рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
      2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      71-бап. Жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты
              әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк жазаны орындауға кедергi келтiретiн науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
      71-1-бап. Тараптардың бiтiмгершiлiкке келуiне байланысты
                 әкiмшiлiк жауаптылықтан босату
      1. Осы Кодекстiң 9-1-тарауында, сондай-ақ 84-1 (бірінші бөлігі), 85-3, 131, 136-2, 158, 158-1, 158-2, 174 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн тоқтатылуға жатады.
      2. Бiтiмгершiлiкке келу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 71-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
      72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.
      Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
      73-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар
              қолданудың ерекшелiктерi
      1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмауға және он айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүлiктiң есебiнен төленедi. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.
      2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн.
      3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкiмшiлiк қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстiң 45 және 57-баптарында аталған әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      74-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
      1. Осы Кодекстiң 61 және 62-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа, кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
      2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.
      75-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан
              және әкiмшiлiк жазадан босату
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
      Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      76-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
      1. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін:
      1) заңды түсіндіру;
      2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
      3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
      4) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
      2. Кәмелетке толмаған балаға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді.
      4. Кәмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган, егер осы Кодекстің 703-бабының 1-тармағында белгіленген ескіру мерзімі өтпеген болса, бұл шараның күшін жою және кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.
      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      77-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
      1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
      2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
      3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
      4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.
      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
      78-бап. Ескiру мерзiмдерi
      Осы Кодекстiң 69-бабында көзделген ескiру мерзiмдерiнiң кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату кезiнде жартысы қысқартылады.
      79-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға
              ұшырады деп есептелетiн мерзiм
      Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық
қатынастар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
      Ескерту. 9-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      79-1-бап. Ұрып-соғу
      1. Денені ауыртқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де зорлық әрекеттерін жасау -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 79-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      79-2-бап.
      Ескерту. 79-2-бап алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      79-3-бап. Денсаулыққа зиян келтiру
      1. Денсаулыққа зиян келтiру, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бір жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      2. Денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 79-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру
      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.
      79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
                 қарсы әрекеттер
 
      1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
      ескерту жасауға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      оннан он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
      айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсініледі.
      Ескерту. 79-5-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      79-6-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағудан
                 жалтару
      Еңбекке жарамды адамның сот шешімі бойынша еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы –
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 9-1-тарау 79-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      80-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға
              кедергi келтiру
      Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамның Қазақстан азаматтығын алуына кедергi келтiретiн заңсыз iс-әрекеттер жасауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      81-бап. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын
               бұзғаны үшiн жауаптылық
      1. Лауазымды адамның тiлді бiлмеу желеуімен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу – ескерту жасауға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – он, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 N 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
      82-бап. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу
       Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлге байланысты себептер бойынша кемсiту, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      83-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
              құқығын шектеу
      Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық өңiрлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды адамдардың iс-әрекетi не әрекетсiздiгi, егер бұл қылмыс жасады деген айыптаумен байланысты болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123, 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      83-1-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне кедергi жасау
      Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi жасауы, сол сияқты лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, осы бiрлестiктердiң заңды қызметiне олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 83-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол
               сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу
               құқығын заңсыз шектеу
       1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тiкелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткiзетiн ақпаратты шектеулi қол жеткiзiлетiн ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын заңсыз шектеу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және
                 оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
      1. Дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Меншік иесінің, оператордың немесе үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамауы –
      жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 84-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет