дейiн жеткiзу
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткiзуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта
ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 112-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 176-IV Заңымен.
113-бап. Кәмелетке толмағандарға алкоголь iшiмдiктерiн
сату
Ескерту. 113-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.
114-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және
темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.
115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы
өнiмдi әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы
заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 12-тарау 115-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа),
жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi
қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы
мәлiметтердi табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн
бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
117-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
118-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіс беске дейінгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
119-бап. <*>
Ескерту. 119-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң
белгiленген тәртiбiн бұзу
Жерге орналастыру құжаттамасын бекiтудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, сол сияқты оған өзгерiстердi заңсыз енгiзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 120-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
121-бап. Арнаулы белгiлердi жою
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдiк ұңғыларды, су объектiлерiндегi байқаушы режимдiк тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 121-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасасу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
123-бап. Кен орны учаскелерiн iрiктеп өңдеу
1. Кен орны учаскелерiн пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негiзсiз ысырабына әкеп соғатын iрiктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кен орны учаскелерiн өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соғатын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 123-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
124-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану , су пайдалану құқығын басқа бiреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен алынған немесе бөлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
125-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 125-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
126-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк
меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын басқа бiреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 126-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану, -
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу, -
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 127-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.04 № 25-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге,
өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық
жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар
топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң, интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 128-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Электрондық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын айырбастауға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,–
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,–
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 129-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
130-бап. Тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуына
қатер төндiретiн жобалау, iздестiру, құрылыс,
мелиорация жұмыстарын және басқа да жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |