нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны судья қаулысының негiзiнде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актiлерiн орындау үшiн көзделген тәртiппен кейiннен өткiзуден тұрады. Осындай затты өткiзуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегере отырып, меншiк иесiне бередi.
2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не
нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған
мүлiктi тәркiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз өндiрiп алудан тұрады.
Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне өндiрiп алынуға немесе жойылуға тиiс.
2. Егер осы Кодекстің ерекше бөлігінде өзгеше көзделмесе, тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуге жатады.
3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркiлеудi судья қолданады және ол осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
51-бап. Арнаулы құқықтан айыру
1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.
2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.
3. Көлік құралдарын жүргізу құқығын қоспағанда, арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.
3-1. Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру мерзімі алты айдан он жылға дейін болуы мүмкін.
3-2. Алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін құқықтан айыру мерзімі үш жылдан он жылға дейін болуы мүмкін.
4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрiлерiн және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк
аттестатынан (куәлiктен) айыру не белгiлi бiр
қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер
жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру,
оның ішінде тізілімнен алып тастау
Ескерту. 52-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жеке тұлғаларды, дара кәсiпкерлердi, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
3. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
4. Кредиттік бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.
5. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн
немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата
тұру не оған тыйым салу
1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.
3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.
4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
5. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
6. Жеке меншік тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты
мәжбүрлеп бұзып тастау
Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу
1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда осы бөлімнің ерекше бөлігінің баптарында көзделген шектерде қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.
2. алып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 Заңымен.
3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.06.29 N 270, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлік
жолмен кетiру
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшілік жолмен кетiрудi судья осы Кодекстің ерекше бөлiмiнде көзделген тәртiп пен негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы бөліктің ережелері шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын шығарып жіберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшілік iс жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшілiк жолмен кетiру түрiндегi әкiмшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, өзiне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 185-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе өтiнiш бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.03.02 N 131, өзгеріс енгізілді - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
3) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 67, 68-баптарында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.29 № 272-IV; 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
58-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру
Осы Кодекстің 461 (сегізінші бөлігінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (төртінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің аталған баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.
2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс.
3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
59-1-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар
белгілеу
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың және (немесе) ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот осы Кодекстің 79-1, 79-3, 79-5, 111-1, 112, 332, 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына бір жылға дейінгі мерзімге:
1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеті жүктелуі мүмкін.
Ескерту. Кодекс 59-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ
60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың
жалпы ережелерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.
61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
ауырлататын мән-жайлар
Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған
кезде әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда - отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.
3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506 Заңымен.
64-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды
өтеу
1. Судья мүлiктiк зиян келтiрген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, егер зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешумен бiр мезгiлде осындай зиянды өндiрiп алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
2. Өзге уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi адам оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Іскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздемелер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
65-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
66-бап. Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн
Достарыңызбен бөлісу: |