Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету



бет5/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

              стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету
      1. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - он, лауазымды aдамдарғa жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңiл зиян келтiруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, -
      жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      жеке тұлғаларға - лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      85-1-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша
                жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы
                беру тәртiбiн бұзуы
      1. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 85-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      85-2-бап. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу
                және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн
                бұзуы
      1. Медицина қызметкерiнiң рецепттер жазу және дәрiлiк заттарды өткiзу ережелерiн бұзуы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
      жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 85-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгеріс енгізілді - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      85-3-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
      Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi жария етуi –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 85-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      86-бап. Қылмыс жасады деген кiнәлiлiк туралы
               мәлiметтердi тарату
      Істi сот қарағанға дейiн немесе ақтау үкiмi болған кезде адамның қылмыс жасады деген кiнәлiлiгi туралы мәлiметтердi көпшiлiкке тарату, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 86-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      86-1-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
                 адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жария ету
      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау және (немесе) тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
      - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 86-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      86-2-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын
                 ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы
                 өздеріне белгілі болған мәліметтерді жария етуі
      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 86-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
              бұзу
      1. Осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жетпістен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруы –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
      2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.
      Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.15. N 253 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
                заңнаманы бұзу
      Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
      лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - жетпiстен екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 87-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       87-2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік
                  қызметтер туралы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын :
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке бағалау жүргізудің және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
      арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде бұзу, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 87-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.12.29 N 115-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      87-3-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі
                келтіру
      Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 87-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      87-4-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу
      Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларының немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы –
      айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 10-тарау 87-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      87-5-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу
                 барысында белгілі болған мәліметтерді жария етуі
      Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 87-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
               қамсыздандыру туралы заңдарын бұзу
      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібін, зейнетақы төлемдерін, аударымдарын және алып қоюларын жүзеге асыру мерзімдерін бұзуы –
      лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты көрсетілген салымшылар туралы анық емес мәліметтерді табыс етуі, –
      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      1-2. Осы баптың 1-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
      лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұза отырып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
      лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
      салық органына мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
      салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
      есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстап қалмауы (есебіне жазбауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұстап қалынбаған (есебіне жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агенттердің - заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
      міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомаларын өндіріп алуға инкассолық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, –
      лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының — бес процент мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуі –
      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұстап қалынбаған (есебіне жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.03.13 N 394 , 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
                 Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу
      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
      әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы;
      әлеуметтiк аударымдарды төлемеуі (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -
      дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
       әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, -
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Ескерту. 88-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.04.08 N 542 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      89-бап. Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен еңбектi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет