Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


жүзеге асыратын уәкілетті орган



бет44/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54

                  жүзеге асыратын уәкілетті орган
      Ескерту. 571-2-бап алып тасталды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
                органдары
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 (төртінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 168-6, 168-7, 169, 169-2, 172-2 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 179 (үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 180, 182, 188 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 188-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында, сондай-ақ жиналуы олардың құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлігінде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 572-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.03.28 N 398, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      573-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және
                қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган
      1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (бірінші, 1-1, 1-2, 2-1, алтыншы және жетінші бөлiктерінде), 158-1, 158-2, 167-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 168-2 (бірінші - үшінші, бесінші - егізінші, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 168-4, 170, 170-1, 171, 172, 172-1, 172-2 (үшінші – алтыншы бөліктерінде), 173 (бірінші, үшінші – бесінші, жетінші - он бесінші бөліктерінде), 174, 175 (бiрiншi, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193, 194, 194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197-1, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қаруға және әкімшілік айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 573-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      574-бап. Қазақстан Республикасының халықты
               әлеуметтiк қорғау органдары
      1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары осы Кодекстiң 88 (екінші бөлігінде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бастықтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 574-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.03.13. N 394 , 2003.12.05. N 506 , 2004.04.08. N  542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.27. N 315 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      574-1-бап. <*>
      Ескерту. 574-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен .
      575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                комитетінің Шекара қызметі
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
      Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      2) (алынып тасталды)
      Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.03.02. N 131, 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары
      1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның
басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 576-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 Заңдарымен.
      576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың
                  айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
                  органдар
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірінші бөлікке енгізілген өзгеріс 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
     1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 357-2-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
      Ескерту. 576-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, өзгерту енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
                 қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары
      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
                 органдары
      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар
      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 173 (екінші және алтыншы бөліктерінде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсімдік шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-2 (бірінші – үшінші бөліктерінде), 309-4 (бірінші – жетінші бөліктерінде), 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311-2, 311-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары құқылы.
      4. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 165, 300, 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311, 311-2, 311-3 және 387-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      5. Осы Кодекстің 310-бабында (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда) көзделген құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары;
      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және оның орынбасарлары да құқылы.
      Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
      Ескерту. 576-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган
 
       1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 576-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      576-6-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган
      1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (туроператорлар мен турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 357-2-баптарында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 576-6-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       576-7-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган
      1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
       Ескерту. 576-7-бабымен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      576-8-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті
                  орган
      1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 204-1-бабында, 357-2-бабында (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-8-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.
      576-9-бап. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган
      1. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган 147-10-бапта (бірінші, үшінші, сегізінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;
      2) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-9-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      576-10-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган
      1. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган 147-10-бапта (тоғызыншы бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;
      2) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 576-10-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУ
33-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
      577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудiң мiндеттерi
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
      578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудiң тәртiбi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.
      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.
      579-бап. Өтiнiш жасау
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.
      2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.
      3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.
      580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар
      1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
      4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;
      5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;
      6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
      7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы;
      8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
      10) осы Кодекстің 710-1-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгенін растайтын құжаттардың болуы;
      11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылуы.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.
       Ескерту. 580-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 32-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк
               беретiн мән-жайлар
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.
      582-бап. Прокурорлық қадағалау
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
      583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
               жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз
               ету жөнiндегi өкiлеттiгi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;
      2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;
      3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
      4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;
      5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
      6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
      7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
      2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет