Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУДI



бет47/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54

36-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IС ЖҮРГIЗУДI
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
      618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
                жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;
      2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау;
      3) алып келу;
      3-1) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу;
      4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу;
      5) құжаттар мен заттарды алып қою;
      6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру;
      7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу;
      8) тексеру;
      9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.
      2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
      1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;
      2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
      3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу немесе алып қою.
      3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 618-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2010.04.29 № 272-IV Заңдарымен.
      619-бап. Жеткiзу
      1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi болып, оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау не, егер қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке тұлғаны, заңды тұлғаның өкiлiн мына жағдайларда:
      1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қорғау жөнiндегi ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);
      1-1) осы Кодекстің 79-1 және 79-5, 79-6-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалғанда - ішкі істер органдары қызметкерлері ішкі істер органына (полицияға);
      2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттiк және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;
      3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);
      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;
      5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);
      5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;
      5-2) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерi;
      6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс.
      3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
      4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
      Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оны көзделген мерзімде жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша хабарлама жіберіледі.
      Ескерту. 619-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 240, 2002.08.09. N 346, 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      620-бап. Әкiмшiлiк ұстау
      Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:
      1) ұсақ бұзақылық, ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтар жасаған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адам, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда алкогольдік iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киiм мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция);
      2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда - төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;
      2-1) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген талаптар орындалмаған кезде - терроризмге қарсы операцияға белгіленген құзыреті шегінде қатысатын лауазымды адамдар;
      3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
      4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
      5) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
      6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
      7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдары жүргізушілері немесе оларды басқаратын басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған жағдайда – әскери полицияның лауазымды адамдары;
      8) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
      9) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi органдарының лауазымды адамдары;
      9-1) белгіленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;
      10) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулерді жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
      11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары;
      12) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
      13) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.
      Ескерту. 620-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 240, 2003.07.03 N 464, 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.06.22 N 147, 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 176-IV, 2009.07.10 N 179-IV, 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi
      1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады. Ұстау туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамға тапсырылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.
      Ескерту. 621-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
      1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, шекара және кеден режимдерін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
      3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.
      4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
      Ескерту. 622-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      623-бап. Мерзiмдi есептеу
      1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.
      2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.
      3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.
      4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.
      5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.
      624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды
               ұстау орны мен тәртiбi
      1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
      2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi.
      3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
      625-бап. Алып келу
      1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргізіледі.
      2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.
      Ескерту. 625-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      625-1-бап. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу
      1. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға қатысты, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың және қылмыстың белгілері болмаған және оның жеке басын анықтаудың өзге тәсілдері мүмкін болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады.
      2. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді сот санкциясымен ішкі істер органдары қолданады және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімде уақытша оқшаулаудан тұрады.
      3. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолданудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босатудың негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. Кодекс 625-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
       626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның
               қолындағы заттарды тексеру
      1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.
      2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
      3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
      4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
      5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
      6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
      7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
      9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
      Ескерту. 626-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет