Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет42/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54

                бақылау органдары
      1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 548-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
      549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы
                уәкiлеттi орган
      1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 441, 443 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 488-489-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 549-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.01.07 N 372, 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
       549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
                   уәкiлеттi орган
       1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
      Ескерту. 549-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 178-IV, 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары
      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      мемлекеттік еңбек инспекторлары;
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.
      Ескерту. 550-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      551-бап. Әдiлет органдары
      1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 551-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн
                  мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу
                  саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 357-2 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
      1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, - заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
      2) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 551-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз
                  ету саласындағы уәкілетті орган
      1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 – 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.
      Ескерту. 32-тарау 551-2-баппен толықтырылды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      552-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар
      1. Көшi-қон жөнiндегi органдар (өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөнiндегi органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 552-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.03.02 N 131, 2007.07.06 N 276, 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      553-бап. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi
                орган
      Ескерту. 553-бап алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
      Ескерту. 553-1-бап алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi
                орган
       1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 – 246 (бірінші бөлігінде), 247 – 250, 261, 264, 265, 270 – 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпіске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 554-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгерістер енгізілді - 2007.01.09 N 213, 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану
                 жөнiндегi уәкiлеттi орган
      1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бiрiншi бөлiгiнде), 259-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттiк инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттiк инспекторлардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 554-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.12.05 N 506, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
      554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) – баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. Кодекс 554-2-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      555-бап. Кеден органдары
      1. Кеден органдары осы Кодекстің 140 (бірінші бөлігінде), 141,  357-2 (бірінші бөлігінде), 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, 6-1, сегізінші бөлiктерiнде), 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 555-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер  енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
                органдары
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары осы Кодекстiң:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдары жүргізушілеріне (әскери қызметшiлерге және жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге) қатысты 461 (бірiншi – үшінші, төртiншi – сегізінші бөлiктерiнде), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 466 (бірiншi бөлiгiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 474, 475 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 476, 477 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 483;
      2) 503, 505 – 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 503, 505 – 512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
      2) осы Кодекстiң 476-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын басқаратын адамдарға) ескерту түрінде – белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған әскери полицияның лауазымды адамдары құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері – әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк жаза ретiнде айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция кiнәлiлерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртiптiк жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері – әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, сол үшін көлiк құралын басқару құқығынан айыру не әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
      Әскери қызметшiлер мен жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерден басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдары жүргiзушiлері жасаған, сол үшін айыппұл, көлiк құралын басқару құқығынан айыру, әкімшілік қамақ түрiнде әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн бұзушылықтар туралы хаттамаларды әскери полиция қарау не сотқа жiберу үшiн жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiлеген тәртiппен бередi.
      Ескерту. 556-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      557-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
              қадағалауды жүзеге асыратын органдар
      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 281-1, 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көлiктегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2009.07.10. N 180-IV , 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      557-1-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
                 бұйымдар мен медициналық техника айналымы
                 саласындағы мемлекеттік орган
      1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде, 357-2-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
      2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.05.06. N 551 , өзгерту енгізілді - 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы
                 бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган
      1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде осы Кодекстiң 85 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 85-1 (бірінші бөлігі), 85-2 (бірінші бөлігі), 322 (бірінші және екінші бөліктері), 325 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның басшысы және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 557-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.16. N 186-IV Заңдарымен.
      558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң,
                Iшкi iстер министрлiгiнің және Ұлттық
                қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы
                Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi
                комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге
                асыратын медициналық қызметтерi
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
      1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Осы Кодекстiң 310-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
      3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:
      1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау бөлігiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
      Ескерту. 559-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      559-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
                  уәкілетті орган
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары осы Кодекстің 310-1-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. Кодекс 559-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
      1. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары осы Кодекстің 307-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар, өсімдік карантині жөніндегі облыстық және қалалық қызметтердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      өсімдіктер карантині жөніндегі қалалық, аудандық қызметтердің, шекаралық пункттер мен бекеттердің мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 560-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      560-1-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет