Жер реформасы құқыктық, экономикалық және ұйымдық шаралардың жиынтығы. Ол республиканың нарықтық жағдайға енуі кезіндегі жер иелену мен пайдаланудағы жаңа сапалы құрылымының пайда болу кезеңін жүргізу болып табылады.
Бірінші президенттің 1994 жылдың 24 қаңтардағы «Жер қатынастарындағы кейбір сұрақтарды жөндеу туралы» және 1994 жылдың 5 сәуірдегі «Жер қатынастарын ары қарай жақсарту туралы» бұйрықтары жер қатынастарына жаңа дамуларға мүмкіндік беріп, ертерек кабылданған заңдардағы шектеулерді алып тастап, аядағы заңдық процесске бағыт беру болды.
Бірақ басты шешім, бұл жер қатынастарын түпкілікті түрде өзгертуге мүмкіндік беріп, жерге жеке меншікті заңды түрде кабылдап, жерді нарықтық айналымға енгізу, жерді жеке меншік екенін Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995ж.) және ҚР Президентінің бұйырығында 22 желтоқсандағы 1995 жылғы «Жер туралы» заңында күші бар, онда жер-құқыктык нормаларды реттейтін, жеке жер учаскелері мен жер пайдалану қатынастарын қадағалайды.
Қазіргі қабылданған шешімдер жер бөліктерінің үлестерін ауыл шаруашылық мекемелерінде қайта ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілуіне рұқсат берді.
1998 жылдың аяғында жүргізіліп дайындау және жер үлесіне 2259,3 мың азаматқа құқығы туралы куәлік берілді. Солардың ішінде 1910,4 мың адам құқықтарын іске асырды.
2001 жылдың басында 2268,6 мың азамат жер үлесіне кұқығы туралы куәяік алғандардың ішінен құқықтарын іске асырғандар, яғни 2168,9 мың азамат немесе 96% жер бөлігінің құқықтық шарт жасады.
1999 жылдың басында 28,9 мың учаскелер мемлекеттен жеке меншікке сатылды, бағасы 6017 млн. теңге, 3,2 мың учаскенің жер пайдалану құқықтары сатылды, бағасы 1425,8 млн. теңге, 3,2 мың учаскелер мемлекеттен жалға берілді, бағасы 569,8 млн. теңге, конкурстар мен аукциондардағы сатылған жер учаскелері 519 учаскелер бағасы 100,1 млн. теңге.
Ауданы 357,8 мың га 2857,4 мың жер учаскелері азаматтардың жеке меншігіне берілді.
Ауыл шаруашылықтың көлемі 1991 жылғы 2,5 мыңнан және 1995 жылғы 31,1 мыңнан 2001 жылдың 1 қаңтарында 105,1 мыңға дейін өсті.
Жер реформасыньң екінші сатысында (1995 жылдан кейін) жер учаскелердің жеке меншіктерінің саны өсіп, жер учаскелермен жүргізілетін шаралардың саны көбейді.
2001 жылға жер реформасының кеңеюі Қазақстанда жаңа сатыға шықты, республика Парламентімен ұзақ келісімнен кейін «Жер туралы» заңы шықты.
2003 жылы қабылданған жаңа ҚР-дің жер кодексі, «Жер туралы» заңының негізін сақтап қалды.
Басты жаңалығы-ҚР-дағы ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке беруге байланысты түзетілген нормалары енгізілді.
Сонда да ол жерлерді жеке меншікке тек ҚР азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар алатындығы сақталған, жер учаскелерін жеке меншікке сатып алуға жеңілдіктер жасалған, яғни жеңілдетілген баға базалық ставканың 75%-ын құрайды, жерді сатып алу 10 жыл ішінде жүргізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |