Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Тақырыбы:Шаруашылық аралық жерге орналастыруды басқару принциптері



бет38/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
узр все

Тақырыбы:Шаруашылық аралық жерге орналастыруды басқару принциптері

Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халық шаруашылық салаларының мұқтаждықтарына сай жерді бөлу және қайта бөлу жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы іс-қимылдарына қарай жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың кұқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді. Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары да өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және құқықтық іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Жер учаскесінің территориялық ұйымдастырылуының өзгеруі, оны иеленуге (пайдалануға) құқықтың тууы - шаруашылық аралық жерге орналастырудың нәтижесі болып табылады. Бұл құқық кеңістік аспектісінде шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы белгіленген шекарамен шектеледі. Жалпы алғанда оның мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленулерін (жер пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономикалық жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқылы арнайы резервтік жер қорлары құрылады, әкімшілік-территориялық бірліктердің және ерекше қорғалатын табиғи объектілердің шекаралары белгіленеді.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың міндет-мақсаттары сан алуан. Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:

Жердің ысырапсыз пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;

Өндірісті территориялық ұйымдастыру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектісі деп – ҚР халықшаруашылығының, әсіресе оның аграрлық саласының; аудандардың, облыстардың, аймақтардың қоғамдық және экономикалық даму бағдарламалары бойынша салалар, жер иелері және жер пайдаланушылар арасында жер бөлу жұмыстары жүргізілетін территорияны атайды.

Шаруашылық аралық жерге орналастыруды себептейтін факторларға келесілер жатады:

Жаңа жер иеленулер мен жер пайдаланулардың пайда болуы;

Жаңа шаруашылық формалардың, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуы;

Шаруашылық аралық кооперацияның дамуы;

Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы;

Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) аудандары мен ауылшаруашылық алқаптар бойынша құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;

Өндірістің көлемінің, шоғырлануының, мамандығының өзгеруі;

Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі және т.б.

Жер кодексі және жер реформасы бойынша - жер жайында заңдарды орындау жолында шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі жерге орналастыру жұмыстарынан тұрады:

ауылшаруашылығында және халықшаруашылығының басқа салаларында пайдалану үшін жаңа жерлерді іздеп табу, қазіргі кезде қолданылудағы жерлердің нысаналы пайдаланылуын дәлдеу және қажеттілігіне қарай оларды қайтадан тарату;

ҚР тұрғындарына, жеке немесе шаруа бірлестіктеріне, жеке шаруашылықпен, бау-бақшамен, мал өсіруге, құрылысқа және саяжай салуға жер бөлу немесе бұрыннан барларын дұрыстау, кемшіліктерін және ыңғайсыз жағдайларын жою;

ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын шаруашылықтар мен ұйымдарға жаңадан жер бөліп беру, бар жер иеліктерін және жер пайдалануларды қайтадан құру;

әртүрлі мемлекеттік, жеке шаруашылық және қоғамдық қажеттіліктерге жер бөлу, ауылшаруашылығына жатпайтын жаңа жер пайдалануларды құру және бұрыннан барларын дұрыстау;

ірі гидротехникалық құрылыстарға жер бөлініп беру және оған байланысты жер иеліктерінде (жер пайдалануларда) болған кері өзгерістерді реттестіру;

сызықты құрылыстарға (темір және автомобиль жолдары, электр және байланыс жүйелері, каналдар мен құбырлар) жер бөліп беру;

шағын ауылшаруашылық емес жер пайдалануларды құру;

елді мекендердің шекараларын жер бетінде анықтау және бекіту;

аймақтық жерге орналастыру сызбанұсқаларын және жерді пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын жасау;

табиғатты қорғау, рекреациялық және қорықтық ерекше режимдегі территориялардың алып жатқан орнын және шекараларын негіздеу;

жерде әкімшілік-территориялық құрылымдардың шекараларын бекіту;

жер меншігі және жер пайдалану құқығын бекітетін құжаттарды тағайындау және қайтадан рәсімдеу.

Жоғарыда аталған жерге орналастыруды жобалау іс-әрекеттері бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жерге орналастыру түрлерінің негізгілерінің бірі екендігін байқауға болады және оны нақты екі түр тармаққа бөлуге болады:

- ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иелену мен жер пайдалануларын құру;

Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлу (олардың жер пайдалануларын күру).

Шаруашылық аралық жерге орналастыруды түр тармақгарға бөлу негізіне бірыңғай жер қорының негізгі бөліктерінің мақсатты пайдалану принциптік ерекшеліктері жатады және жердің өндіріс құралы ретінде халық шаруашылығының әртүрлі салаларында атқаратын міндетгерінің әртүрлі болуы [14].

Бірінші түр тармағы ауылшаруашылық жерлермен байланысты, онда жер өндіріс құралы болып келеді және бұл жағдайда жерге орналастырудың объектісі ретінде құнарлығы жоғары топырақты жерлер болып келеді.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың екінші түр тармағы топырақтың құнарлығын есепке алмайды, оның бұл маңызды қасиетін тек қана ауылшаруашылық өндірісінде пайдалануға сақтап қалу үшін ескереді.

Бірақ жер реформасына байланысты бұрыннан кележатқан бұл құрылымдық бөлу шаруашылық аралық жерге орналастырудың қазіргі кездегі және әрі қарай даму жолындағы толық және сан түрлі мазмұнын көрсетпейді. Бүгінгі күні шаруашылық аралық жерге орналастыруды алты түр тармаққа бөлу орынды (кесте 4.4).

Үшінші түр тармақты жеке шығарудың мақсаты – елді мекеннің жерлерін мемлекеттік жер қорының басқа санаттарынан бөлу. Бұл іс-әрекеттің ерекшелігі – нәтижесі ретінде жер пайдалану немесе жер иелігі құрылмайды, ал елді мекеннің жер массиві мен оның шекарасы анықталады. Оның заңдық және шаруашылық аралық мәні әкімшілік-территориялық құрылыммен бірдей.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың төртінші түр тармағының нәтижесі – арнайы жер қоры. Бұл жаңа шаруа қожалықтарының және басқа ауылшаруашылық құрылымдардың ұйымдастырылуының резерві болып келеді. Осы жерлердің ерекше заңдық статусы бар, оларды пайдалануға бергенге дейін бұрынғы жер пайдаланушылар пайдалана беруге құқылы.

Бесінші және алтыншы түр тармақтары жерге орналастыру тәжірибесінде өте сирек кездесетін және жаңа пайда болған жағдайлар. Әсіресе алтыншы түр тармағы кейбір аймақта экологиялық жағдайдың нашарлап кеткеніне және тұрғындардың әр- түрлі әлеуметтік және тарихи-мәдени мәселелерді шешуде қоятын талаптарының жоғарылауымен байланысты.

1)Түр тармақтары - Ауылшаруашылық жер пайдалануды құру және Жетілдіру

Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары-Мемлекеттік кәсіпорындар және олардың бірлестіктері.

Кооперативтік кәсіпорындар және олардың бірлестіктері.

Жеке, шаруа қожалықтары және басқа кіші құрылымдар.

Жалға алушы шаруашылықтар.

2)Түр тармақтары-Ауылшаруашылығьша жатпайтын қажетгіліктерге жер бөлу, жер пайдалануды кұру және жетілдіру

 Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары-

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланулары есебінен

Орман шаруашылығы кәсіпорындарының жерлерінің есебінен.

Ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың жер пайдаланулары есебінен.

3)Түр тармақтары-Елді мекендердің шекараларын белгілеу

Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары-Қала шекараларын белгілеу және калалық және поселкелік жерлерді жер-шаруашылықтык орналастыру.

Село шекараларын белгілеу жэне селолык елді мекен жерлерін жер-шаруашьшық орналастыру.

4)Түр тармақтары-Арнайы жер қорының жер массивтерін құру

 

Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары -Қалалық және поселкелік экімшіліктердің жер қорын құру.



Аудандық әкімшіліктердің жер корын кұру.

Иммиграциялық қорлар.

 

5)Түр тармақтары-Әкімшілік-территориялық кұрылымдардың шекараларын белгілеу



 

Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары-Облыс шекараларын белгілеу

Аудан шекараларын белгілеу

6)Түр тармақтары- Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жер массивтерін жер бетінде белгілеу және шекараларын бекіту.

Шаруашылык жүргізу субъектісінің типіне немесе жер корынын қүрылу көзіне катысты шаруашылық аралык жерге орналастырудын формалары-

Қорықтардың

Санитарлық аймақтардың

Қорғау аймағы

Күзет аймағы

Шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі кезеңдерден тұрады: жерге орналастыру мәселесін көтеру; дайындық жұмыстары; жобалау; жобаны қарау, бекіту; жобаны жер бетіне шығару; құжаттарды әзірлеп, тапсыру; авторлық тексеріс жүргізу.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәселені көтеру кезеңіне жерге орналастыру жұмыстарын орындау және қаржыландыру жайында үстемділік жүргізетін компетентті органдардың шешімдерінің жариялануы және мүдделі мекемелердің, жер иелерінің, жер пайдаланушылардың өтініштерінің жоғары инстанцияларға тапсырылуы болып келеді.

Жерге орналастыру жобасын жасау үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі: жерді есепке алу, статистикалық, пландық-картографиялық және басқа керекті материалдарды жинау, сараптау, сапасын анықтау; жерге орналастыру объектілерінің территориясында арнайы зерттеу және ізденіс жұмыстарын жүргізу; мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жеке адамдардың тілектерін анықтау және т.б.

Жобалау және ұйымдастыру жұмыстарында жоғарыда келтірілген жерге орналастыру және жерге орналастыруды жобалау принциптеріне қосымша шаруашылық аралық жерге орналастырудың өзіне тән жалпы және жеке принциптеріне сүйену керек. Жалпы принциптері:

Тұрғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту.

Өндірістің тиімділігінің әрдайым көтерілуін, салалардың рентабельдігінің тұрақты болуын, жобаланатын шаралардың экономикалық және қоғамдық тиімділіктерінің биік болуын қамтамасыз ету.

Капиталдық, бір уақыттық шығынның неғұрлым аз болуы және тез қайтарылуы.

Заңдық және нормативтік актілерді қатал орындау.

Қабылданған шешімдер ғылым және тәжірибе жетістіктеріне сүйенеді.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың жеке принциптеріне жататындары:

Жер қатынасын жақсарту, ҚР Конституциясының негізінде жер құрылымын нығайту.

Жоба мәселелерін шешкенде жерге иелік және шаруашылық жүргізу формаларын жан-жақты ескеру.

Ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқығының басымдылығын ескеру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру сұрақтарын шешуде аймақтың, ауданның, шаруашылықтың табиғи, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын түбегейлі есепке алу.

Әрқашан жетілдіре отырып, жер иелігінің және жер пайдаланудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрі қарай жасалатын ішкі шаруашылық аумақтық жерге орналастыру жұмыстарына ыңғайлы жағдай жасау.

Жерді және басқа табиғи ресурстарды қорғауға қолайлы жағдай жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет