Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Қазіргі таңда жерге орналастыруды төмендегідей жаңа шарттарға сәйкес жоспарлайды және орындайды



бет37/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
узр все

Қазіргі таңда жерге орналастыруды төмендегідей жаңа шарттарға сәйкес жоспарлайды және орындайды

1)жоспарды құруда жер бетіндегі жаңа және реттелген жерді пайдалану, жер учаскелерінің шекарасын белгілеу, жерді пайдалану мен жеке меншік құқығы жайлы құжаттарды дайындау

2)Жер бетінде елді мекендердің шекарасын белгілеу және анықтау, осы жерге жер- шаруашылық кұрылымын жоспарлау керек

3)Ерекше қорғалатын жерлерді, қорықтарды, рекреациялық территориялардың шекарасын орналастыруды негіздеу

Тақырыбы:Жерге орналастыру жобаларын топтастыру жүйесіндегі басқару

Жерге орналастыру дегеніміз – жер қатынастарын реттеуге, жерді, өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

ҚР-да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруды келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді:

- ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық сызбанұсқасы (сызбанұсқа);

- облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру сызбанұсқасы;

- шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

- ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;

- учаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялау, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары

Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:

1. ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық сызбанұсқаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;

2. қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді;

3. белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4. белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;

5. жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;

6. жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7. топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;

8. жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.

Жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

Дайындық жұмыстары;

Жобаны құру;

Жобаны қарау және бекіту;

Жобаны жер бетіне түсіру;

Жерге орналастыру материалдарын және құжаттарын тағайындау және иесіне, тапсырма берушіге тапсыру;

Жерге орналастыру жобасының орындалуына авторлық бақылау жасау кезеңдері жатады.

Жобалау және іздестіру жұмыстарымен айналысатын, сондай- ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның келесідей құқықтарын атап өтуге болады:

мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөнінде қажетті ақпарат алуға;

тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;

жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдарды оның нәтижелері туралы хабардар етуге және жерді пайдалану мен қорғау іс-тәжірибесін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;

жерге орналастырудың ескірген сызбанұсқалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өндеу жөнінде ұсыныстар енгізуге.

Жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары келесі шарттарды орындауға міндетті:

-Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;

-Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты құзыретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;

-Жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге.

Атқарушы органдар жобалау құжаттамасы бойынша келісім жасау және оны бекіту іс әрекеттерін бір ай ішінде орындауға міндетті.

Жерге орналастыру жұмыстарын орындауға тапсырыс беруші:

-жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтауға;

-қажетті материалдар мен кұжаттарды беруге;

-жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;

орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті [1, 151 бап].

Жерге орналастыру құжаттамасын әзірлеуші:

барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдісте- мелік нұсқауларға, сондай-ақ шарттарға сәйкес орындауға;

зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстарды орындауда топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып, жүргізілген жер учаскелерінің жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге;

жерге орналастыру кұжаттамасында көзделген іс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі бойынша жауап беруге міндетті.

Жерге орналастыру жобасын жасау алдында бұрынғы жасалған жерлерді аймақтау және облыстық, аудандық жерге орналастыру сызбанұсқалары зерттеледі. Олардың негізгі міндеті ауылшаруашылығы және халықшаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың ең тиімді бағытын анықтау. Бұндай сызбанұсқалары келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:

Халықшаруашылық салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді санаттар арасында бөліп тарату;

Ауылшаруашылық өнімін өндіруді жоғарылату жөніндегі ұсыныстар;

ауылшаруашылық өндірісін орналастыру және мамандандыру бойынша ұсыныстар;

ауданда келешекте күтілетін жерде шаруашылық етудің көп түрлі формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық жұмыстар;

жерді қорғау шаралары;

ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.

Жерге орналастыру жобалары көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, шешетін мәселелерімен және формаларымен анықталады. Одан басқа жерге орналастыру жобасы жерді пайдалану қарқындылығына және ауылшаруашылығы өндірісінің даму қарқындылығының деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты ерекшеленеді.

Жобалар жерге орналастыру түрлеріне сәйкес үлкен үш топқа бөлінеді: шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік жерге орналастыру.

Жерге орналастыру объектісіне қарай шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түр тармаққа бөлінеді:

Біреуі, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалануларын және жер иеліктерін құру, қайта құру, реттестіру және жетілдіру;

Екіншісі, әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркэсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа кұрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Екінші түр тармаққа жататын жерге орналастыру жобаларын ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың жер паидалануларын және жер иеліктерін кұру деп атайды.

Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:

Ауылшаруашылық алқаптарды жақсарту;

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);

Жаңа жерлерді игеру;

Мәдени-техникалық шараларды жүргізу;

Эрозияға қарсы шараларды жобалау;

Мелиоративтік шараларды жоспарлау және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет