Жер мониторингін жобалау уақытында келесі негізгі қарастыру керек:
1) мониторинг жүйесінің мәселелері және оларды орындау үшін ақпаратқа
қойылатын талаптарды анықтау;
2) бақылау желілерінің ұйымдастырушылық құрылымын құру және оларды жүргізудің принциптерін әзірлеу;
3) мониторинг желісін құру;
4) мәліметтерді (ақпаратты) алу және тұтынушыларға беру жүйелерін кұру;
5) алынған ақпараттың бастапқы талаптарға сәйкестігін тексеру және мониторинг жүйесін қажет болса қайта құру.
Жобалау кезінде мыналар анықталуы керек:
Негізгі операциялық талаптар және осы талаптардың өлшемдерді обьектілер мен құрылыс алаңдары үшін
Қажет болған жағдайда құрылыс процесін және қосымша іс-әрекеттерді дамыту.
Жер ресурстарының күйін жылдам бағалауға арналған техникалық құралдардың кешені келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- экологиялық және функционалды күйін бағалау үшін табиғи кешендер, энергетика, байланыс, өндірістердің жер учаскелерін жылдам жер бетіндегі және қашықтықтан зерттеу жүргізу;
- картографиялық жұмыстарды жүргізу үшін аэрофототүсіріс жүргізу;
- геологиялық және гидрогеологиялық процестердің, қала территорияларының зиянды процестерінің, орман және су қорларының мониторингін жүргізу;
- мемлекеттік жер кадастры мен жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды ақпараттық қамтамасыздандыру;
- ҚР-ның үкәмет органдары басқару шешімдерін қабылдау мақсатымен табиғи және шаруашылық кешендер жерлерінің күйі жайлы жылдам және дәл ақпаратты алу;
- Мәліметтердің автоматтандырылған базаларын құру және жаңарту.
Жер мониторингі жұмыстарын әрі қарай жүргізу және дамыту үшін қажет:
- жер мониторингінің технологиялық және ақпараттық базаларын кұру қажет;
- жер бетінде де қашықтықтан да зондтау техникалық құралдарын қолданып кері процестерді уақытымен алдын алу және жою іс-шараларын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету мақсатымен ҚР-ның территориясында жер мониторингін кезеңмен жүргізуді ұйымдастыру;
- басқа да министрліктер мен ведосмтволармен біріге отырып экологиялық мониторингтің құрамында жер мониторингінің көп сатылы ақпараттық жүйесін құру.