39
өсімдік жамылғыларының болуына, жер бедерінің
ерекшелігіне және желдің
жылдамдығына байланысты. Жел эрозиясының дамуына антропогенді
факторлар үлкен үлес қосады. Мысалы, өсімдіктерді жою,
агротехникалық
шараларды дұрыс пайдаланбау, ретсіз мал жайыу эрозиялық процестерді үдете
түседі.
Жел эрозиясы жергілікті (күнделікті) және шаңды дауылдар болып
бөлінеді. Шаңды дауылдар қатты және ұзақ желден болады. Желдың
жылдамдығы 20-30 м/с дейін жетеді. Шаңды дауылдар
көп жағдайда құрғақ
аймақтарда байқалады. Шаңды дауылдар қайтымсыз топырақтың беткі құнарлы
қабатын әкетеді. Олар бірнеше сағат ішінде 1 га жерден 500 тоннаға дейін
топырақ әкетуі мүмкін.
Су эрозиясы дегеніміз топырақтың беткі қабатының су ағынының
әсерінен жуылып бұзылуы. Су эрозиясының келесі түрлерін ажыратады: беттік,
жағалық, тамшылы. Су эрозиясының пайда болуына
табиғи факторлар мен
адамның тіршілігі әсер етеді.
Топырақтың эрозияға ұшырауының алдын алу үшін агротехникалық
шаралар қолданылады. Агротехникалық шараларға жерді жырту әдісін дұрыс
таңдау, культивация, егістіктерді дұрыс суару жатады.
Достарыңызбен бөлісу: