8
топырақ ортасы (литосфераның беткі қабаты);
тірі ағзалар ортасы (жануарлар әлемінің 10% құрайды).
Экологияда қоршаған орта жағдайы экологиялық фактор деп аталады.
Ортаның әсерін ағзалар экологиялық фактор түрінде қабылдайды.
Экологиялық фактор дегеніміз ағзаға әсер ететін ортаның кез-келген
элементтері мен нақты жағдайлары. Экологиялық
факторлар тірі ағзалардың
тіршілігіне, санына, таралуна тікелей немесе жанама әсер теді.
Эколгиялық факторлардың табиғаты әртүрлі болса да, олардың нәтижесі
экологиялық салыстырмалы, өйткені ол тірі ағзаның тіршілігінің өзгеруіне
әкеледі. Әрбір ағзаға әсер ететін факторлардың
төменгі және жоғарғы шегі
болады. Тірі ағзаларға қатысты экологиялық факторлардың әсерінен бірнеше
заңдылықтарды бөліп қарастыруға болады.
Экологиялық фактордың бір нақты мәндерінде тірі ағзаның тіршілігі үшін
аса қолайлы жағдайлар туындайды,
бұл жағдайлар оптимум деп аталады, ал
оған сәйкес аймақ
оптимум аймағы деп аталады;
Неғұрлым фактордың мәні оптимумнан көп ауытқыса,
соғұрлым оның
тіршілігіне қауіпті болады, осыған байланысты
қалыпты тіршілік ету аймағы
белгіленеді;
Оптимум аймағынан тыс тірі ағзаның өлуіне алып келетін диапазонды
шыдамдылық шегі немесе
пессимум аймағы деп атайды.
Әрбір тірі ағза үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. Ал ағзаның
белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер ықпалына шыдамдылық қабілетін
Достарыңызбен бөлісу: