2.2. Экологиялық факторлардың жіктелуі
Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі ағзаларға әсер етуі
бойынша әртүрлі. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды негізгі үш топқа бөледі:
Абиотикалық факторлар – тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсер
ететін өлі табиғат факторларының жиынтығы. Оларға ауаның ылғалдылығы,
жауын-шашынның мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен
түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауаның құрамы жатады.
Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір-бірінің тіршілігіне және
тіршілік ортасына әсер етуі. Оларға тамақтану факторлары және түрлер мен
особьтардың арасындағы әртүрлі әрекеттесулер (жыртқыштық, бәсекелестік,
паразитизм және т.б.) жатады.
Антропогендік факторлар – адамның қоршаған ортаға, тірі ағзалардың
тіршілігіне әсер ететін іс-әрекеттері.
Сонымен қатар экологиялық факторлар ағзаның орта факторларының
әсеріне бейімделу дәрежесіне байланысты жіктеледі (А.С. Мончадский
бойынша жіктеу). Бұл жіктеу барлық экологиялық факторларды үш топқа
бөледі: бірінші ретті периодтық, екінші ретті периодтық және периодсыз
факторлар.
Бірінші ретті периодтық факторлар – бұл Жер бетінде тіршілік пайда
болғанға дейін болған факторлар: температура, жарық.
Екінші ретті периодтық факторлар – бірінші ретті периодтық
факторлардың өзгеруі нәтижесінде пайда болған: температураға тәуелді ауа
ылғалдылығының өзгеруі.
Периодсыз факторлар – ағзалардың мекен ету орындарына қалыпты
жағдайда болмайды. Олар кенеттен пайда болғандықтан ағзалар бейімделіп
үлгермейді. Бұл топқа дүлей жел, күннің күркреуі, өрт сияқты кейбір
климаттық факторлар жатады.
Жіктелуді қарастыруды тұжырымдай отырып табиғаттағы факторлардың
алуантүрлігін келесі жүйе ретінде жалпылауға болады:
Климаттық факторлар: 1) бірінші ретті периодтық факторлар (жарық,
температура); 2) екінші ретті периодтық факторлар (ылғалдылық); 3) периодсыз
факторлар (дүлей жел, өрт).
Достарыңызбен бөлісу: |