«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Гидросфераның ластануы және су ресурстарын ластайтын негізгі



Pdf көрінісі
бет27/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
8.3. Гидросфераның ластануы және су ресурстарын ластайтын негізгі 
көздер 
Қазіргі таңда су ресурстарының әртүрлі ластаушылармен ластануы негізгі 
өзекті мәселелердің бірі. 
Су ресурстарының ластануы дегеніміз суға зиянды заттардың енуі 
нәтижесінде оның биосфералық функциясының және экологиялық маңызының 
төмендеуі. 
Судың ластануы оның физикалық және органолептикалық (түсінің, 
дәмінің, мөлдірлігінің, исінің) қасиеттерінің өзгеруімен сипатталады. 
Суға түсетін ластаушыларды бірнеше топқа бөлуге болады: 
Физикалық күйі бойынша – ерімейтін, коллоидты және еріген қоспалар. 
Табиғаты бойынша – минералды, органикалық. Бактериалды және 
биологиялық. Минералды ластаушыларға кұм, қышқылдар мен сілтілер 
жатады. Органикалық ластаушылар өсімдіктекті және жануарлар текті болады. 
Сонымен қатар су ластаушыларды химиялық, физикалық және 
биологиялық деп бөледі. Химиялық ластаушылардың ішінде кең тарлағандарға 
мұнай және мұнай өнімдері, синтетикалық беті активті заттар, пестицидтер
ауыр металдар жатады. Физикалық ластаушыларға – радиоактивті заттар мен 
жылу, ал биологиялық ластаушыларға – ауыру тудыратын вирустар мен 
микробтар жатады. 
Суресурстарына және онда тіршілік ететін ағзаларға теріс әсер ететін 
заттардың бірі өнеркәсіп орындары бөлетін улы заттар. Металдардың ішінен су 
қорлары үшін ең қауіпті сынап, қорғасын және олардың қосылыстары. 
Су ресурстарының ластануының бір түрі – жылулы ластану. Өнеркәсіп 
орындары, электр станциялары табиғи суларға жиі жылы суды төгеді. Бұл өз 
кезегінде табиғи сулардың температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың 
температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас 
қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе теңдік бұзылады. 
Лас суда температураның көтерілуімен ауыру қоздырғыш микробтар мен 
вирустар жылдам көбейе бастайды. 


36 
Судың механикалық ластануы суға әртүрлі механикалық қоспалардың 
(кұм, шлам және т.б.) түсуімен сипатталады. Механикалық қоспалар судың 
органолептикалық көрсеткіштерін төмендетеді. Сонымен қатар жер беті 
суларына қатысты судың қатты қалдықтармен (мусор), өндірістік және 
тұрмыстық қалдықтармен ластануын бөледі. 
Жер беті және жер асты суларының негізгі ластаушы көздеріне: 1) табиғи 
суларға тазартылмаған аққаба сулардың тасталынуы; 2) улы заттардың жауын-
шашынмен шайылуы; 3) мұнай және мұнай өнімдерінің ағыуы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет