38
Топырақ табиғи тарихи дене ретінде жердің беткі құнарлы қабаты. Ол
адамды қоршаған ортаның негізгі бөлігінің бірі, оның негізгі қасиеті құнарлық.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз оның өсімдіктерді өсу мен дамуы үшін
қажетті минералды қоректік заттармен қамтамасыз етуі.
Топырақтың қалыптасуы мен дамуы,
оның таралу заңдылықтары, оны
тиімді пайдалану мен құнарлығы туралы ілімді топырақтану деп атайды.
Топырақтану ілімінің негізін қалаушы орыс ғалымы В.В. Докучаев. Ол
алғашқы болып топырақ туралы түсінікті, оны зерттеу әдістерін және
топырақтың генетикалық жіктеуін ұсынған.
Сонымен қатар топырақ зат айналымының маңызды буыны,
өйткені зат
айналымы топырақта басталып топырақта аяқталады. Өсімдіктер топырақтан су
мен минералды заттарды сіңіріп оларды қоректік тізбек арқылы басқа ағзаларға
береді.
Топырақ барлық тірі ағзалар үшін қажетті жағдай жасап өсімдіктер
арқылы тікелей, жануарлар арқылы жанама биосфераның тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Сондықтан топырақты қорғау
және тиімді пайдалану
табиғаты қорғау бойынша кешенді бағдарламагың негізгі звеносы.
Достарыңызбен бөлісу: