307
Бас бостандығынан айырылған адамдарды күнделікті өмірге бейімделуі,
дағдылануы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Жалпы айта кететін болсақ
соңғы жылдардың өзінде елімізде жасалатын қылмыстар саны азаймай отырғандығын
статистикалық деректерден анық көрінеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ
еліміздегі қылмыскерлер саны 2010 жылы 84410 болса, оның ішінде 6070 кәмелеттік
жасқа толмаған жас өспірімдер. Олардың саны 2014 жылы 109899 адам болған, оның
4212 – ін кәмелеттік жасқа толмаған жас өспірімдер құрайды. Ал
істелген қылмыс
санына келетін болсақ 2010 жылы 131896 қылмыс тіркелген. Ол 2014 жылы 341291 ге
артты. Осыншама бас бостандығынан айырылған адамдарды өмірге бейімделуін, қоғамға
сіңісіп кетуін кімдер қадағалауда. Халықаралық түрме реформасының деректеріне
сүйенетін болсақ, Қазақстандағы қамауда отырғандардың 49 пайызы – бұрын
сотталғандар[1]. Бұл мемлекеттік маңызы бар мәселе деп ойлаймын. Себебі жазасын өтеп
шыққан әрбір азамат мемлекеттің қолдауына зәру жандар болып табылады. Жазасын өтеп
шыққан азаматтар қалыпты азаматтық ортаға бейімдеу ол мемлекеттің міндетті жұмысы.
Себебі, қоғам үшін сол адамдардың келешекте қылмысқа қайта оралмауы маңызды.
Бостандыққа шыққандардың қалыпты өмірге үйреніп кетуі оңайға соқпайды.
Көбісінің түрмеден шыққан соң өмірі өзгеріп, басқа арнаға түседі.
1.Қоғам қабылдамайды; 2.Жұмыссыздық; 3.Отбасының теріс айналуы; 4.Барар
жері болмайды.Себебі қылмыс жасады деп, тіпті, өз бауырлары, туған-туысқандары ондай
адамдардан теріс айналып шыға келетіні де жасырын емес. Ал тек оннан бірін күтіп алар
жан ашыр ата-анасы барлар ғана. Бостандыққа шыққандардың көбісі өздерін керексіз
сезініп,психологиялық күйзеліске түсіп жатады. Сондықтан олар абақтыға түсудің
амалдарын ойластырып, тағы да қылмыс жасайды. Себебі бостандықта үй–күйсіз
жүргендіктен гөрі, түрмеде жағдай жасалатындығын білгендіктен
олар жеңілдеу өмірге,
түрмедегі өмірге оралуды жөн көріп жататындар да аз емес. Біздің елде қадамын шалыс
басқандардың бәрін бірдей түрмеге қамап, бас бостандығынан айырып жатады. Әрине,
қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру заңды әрекет, яғни кез–келген әрекетте
немесе әрекетсіздікте қылмыс құрамы анықталған болса, оны жасағанды айыпкер деп
танып, соттың үкімі шыққан соң ол қылмыскер болып табылады. Сондай-ақ,Қазақстан
түрмелерiнде жазасын өтеп жатқандардың шектен тыс көп екенiн алға тартқым келеді. Ол
өз кезегінде,кішігірім қоғамға қауіпті әрекет жасағандардың бәрін бірдей бас
бостандығынан айыруға жазалаудан да болып отырған жағдай деп ойлаймыз. Мысалға
Батыс Қазақстанда бухгалтер болып істеген бір жас келіншекті 17 000 теңге үшін 7 жыл
түрмеге отырғызғаны,тауық ұрлаған үшін бас
бостандығынан бірнеше жылға
айырылғандарды сот тәжірибесінен көруге болады. Сондықтан осындай кішігірім
қылмыстарды жасаған адамдарға бірден бас бостандығынан айыру түріндегі жаза емес,
оларды ендігі жолы осындай қылмыстарға бармауға әрекет жасау, яғни олармен құқықтық
тәрбие
жұмыстарын
жүргізу,
бас
бостандығынан
айыру
емес
түріндегі
жазаларды(қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, тәрбиелік іс шараларын,
психологиялық көмек , бас бостандығын шектеу) тағайындау керек деп есептеймін. Себебі
осындай кішігірім қылмыстардың болашақта үлкен қылмыстарға айналатынын түсіне
отырып, алдағы уақытта қылмыстарды болдырмаудың алдын алудың маңызы өте зор. Бас
бостандығынан айрылғандар санының артуы мемлекет қазынасына да айтарлықтай
ауыртпалық салып отыр. Бізде абақтыда отырған бір адам үшін жылына 700 мың теңгеден
қаржы бөлінеді екен. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева жиынның
бірінде:«бүлдіршіндерге қарағанда түрмеде отырғандарға
қаржы көп бөлінетіндігін
айтты». Демек бұл дегеніміз, бостандыққа шыққандардың көбісі жұмыс таппай,
жақындарымен қарым–қатынасын жоғалтып алғандықтан, үлкен күйзеліске түсіп, қоғамда
өз орнын таппай қайта қылмыс жасап түрмеге өз еркімен түскісі келетіндері де бар. Себебі
түрмеде жағдайлары жасалған[2].
308
Дегенменде сотталып шыққандардың бәрі бірдей қайта қылмыс жасағысы келіп,
қайтадан түрме есігін аттағысы келеді деп айтуға болмайды. Ал бостандыққа шыққан соң
олардың алдағы өміріне бейімделіп кетуіне қылмыстық атқару органдары жәрдемдесуі
керек. Оларға әлеуметтік көмек көрсету, жазаны өтегеннен кейін оларды еңбекке
орналасуға, күнделікті тұрмысына көмектесуді ұйымдастырады.Қылмыскерлердiң
жазасын жеңiлдету және темiр тордан шыққан соң оларға жағдай жасау жағынан бiздiң
елiмiз артта қалғаны аян. Елімізде бостандыққа шыққандардың көпшілігі бірінші кезекте
олар жұмыссыздық мәселесіне ұрынады. Себебі сотталып
келгендердің көпшілігі
бостандыққа шыққан соң жұмыс таппағандықтан, ақша болмағандықтан өздерінің ескі
әдеттеріне көшіп, қылмыс жасауға бейім тұрады. Тағы айта кететін жайт, түрмеде отырып
келгендердің бәрі бірдей жұмысқа деген құлшынысы болады деп те айту қиын.Сотты
болған адамның алдымен өзі еңбек етуге құлықсыз. Себебі олар жатып үйреніп қалған
адамдар, дайын тамақ және бәрі тегін келіп тұрғандықтан түрмедегі адамдарда жалқаулық
мінез–құлық қалыптасып кетеді деп ойлаймын. Сондықтан түрмеде жазасын өтеп
жатқандарды еңбекке араластыру керек, оларды сегіз сағаттық жұмысқа салу керек.Кеңес
үкіметі кезінде әр мекемеде сотталғандар еңбек ететін жұмыс орындары болды. Мысалы,
кеңес үкіметі кезінде КА-168/2 мекемесінде үлкен жиһаз фабрикасы болды. Темір жолдың
қосалқы бөлшектерін жасайтын цех болған. Қазір де бар, жоқ емес. Бірақ қазір
бұрынғыдай сырттан тапсырыс жоқ. Жұмыс ауқымы азайды. Мекемеге қажетті азын-
аулақ заттарды жасап алумен шектеледі[2].Біздің
ойымызша, түрмеде отырған кезден
бастап еңбекке тәрбиелеу қажет. Түрмеде еңбектеніп үйренген адам бостандыққа
шыққаннан кейін де еңбекке араласуы жеңілдеу болады.Сол себепті де жазасын өтеп
шыққандарды әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту орталықтарына орналастыруды
ұйымдастырып,оларға арнайы жұмыс орнын қалыптастыру керек деп ойлаймын. Елімізде
«Қылмыстық жазасын өтегендердi әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту» орталығы түрмеден
босап шыққан адамдарға консультациялық көмек берiп қана қоймай, керек жағдайда
ақысыз оқу мен мүгедектiктi алу жағынан да жәрдем бередi. Ал, мұндай орталық елiмiзде
тек Шымкент пен Павлодар қалаларында ғана бар. Сондықтан аталған орталықтың санын
көбейткен жөн. Ал, жұмыс берушілер сотталған десе, бастарын ала қашады.Сондықтан
болу
керек бостандыққа шығып, өз бетімен жұмыс тапқандары көбіне өздерінің
сотталғандығы туралы айтпайды, жасырады. Сотталғандарды жұмысқа алу туралы қаулы
бар болғанымен, бірақ сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне қатысты қарапайым
шарттардың өзі орындалмай отыр. Еңбекті бақылау департаменті мекемелерді тексеріп
сотталғандардың еңбек етуге деген құқықтары орындалмай жатқанын ашып көрсетуі
керек сияқты. Үнемі тексеріс жасалып, түзеу мекемесінен шыққандарды жұмыспен
қамтамасыз етуді заңдастыруды әкімшілік өз тарапынан жұмысқа орналастыруға белсенді
атсалысса, бұл ол адамдардың бостандық өмірге тезірек үйреніп,
бейімделуіне оңайлау
болар еді.
Қазақстанда алғаш рет 1720 жылы қылмыс жасағандарды топырлатып қамайтын
түрме Петропавлда салынып, кейіннен Семей, Орал секілді қалаларда жалғасты. Сөйтіп,
ХХ ғасырдың басында 20 абақты болды. Ондағы жағдай туралы айтудың өзі қиын,
өйткені, олардың бәрі кек қайтару мен ұсталғандарды қорқытуға, үрейлендіруге арналған
еді. Еліміз өзінің егемендігін алар кезде сотталғандар саны бойынша біз әлемде АҚШ пен
Ресейден кейінгі 3 орында тұрдық. Көптеген тынымсыз жұмыстардың арқасында әуелгі
уақытта түзеу мекемелеріндегі жағдайды оңтайландыруға қол жетті. Сөйтіп, соңғы 12
жылда бас бостандығынан айырылып сотталғандардың саны 4 есеге төмендеді. Егер сонау
2000 жылы 40 мың адам сотталса, өткен жылы 9 мыңнан сәл артты. Осының арқасында
болса керек, 2011 жылы Қазақстан халықаралық түрме орталығының мәліметтеріне сәйкес
түрме индексі бойынша 3-ші орыннан 31-ші орынға ауысты. Әрине, бұл айтарлықтай
нәтиже болғаны даусыз. Бір қатар шет елдерде қылмыскерлерді электронды басқар жүйесі
қолға алынған, электронды мониторинг күш көрсету арқылы қылмыс жасағандарға немесе
күш көрсетіп жасалған қылмыс «абайсызда» болды дегендерге қолданылады. Ал
309
Швецияда телефон компьютергежалғанып, сотталғанныңаяғынаарнайыбілезіктағылады.
Пробация қызметінің қызметкері сотталғанның қашан пробация қызметінекелуқажеттігін,
жұмыстажәне
қанша
уақытүйде
болу
керектігінтізбелепбереді.Қорытындылай
келе,мақаламызда бас бостандығынан айырылған адамдардың қоғамға қайта бейімдеудің
қажеттілігі туралы баяндалды. Болашақ психолог маман ретінде осы мәселені зерттеу өз
жалғасын табады деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: