319
Экологиялық бiлiм беру және ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру
саласындағы қызметтi мемлекеттiк органдар, бiлiм беру, мәдениет және ғылым ұйымдары,
табиғат қорғау мекемелерi, табиғат пайдаланушылар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген
жетекшi педагогтар мен ғалымдар ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Қоғам мен отбасында экологиялық ағартуды ұйымдастыруды оқу-әдiстемелiк
және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуде сектораралық ынтымақтасу мен
ведомствоаралық
өзара iс-қимыл жасау, бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау
мақсатында бiлiм беру, ғылым ұйымдары мен қоғамдық бiрлестiктер жанынан өңiрлiк
кеңестер (орталықтар) құрылады. Үздiксiз және кешендi экологиялық бiлiм беру жүйесi
бiлiм берудiң барлық деңгейлерiн қамтиды.
Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру мамандандырылған және
пәнаралық бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ экологиялық аспектiлердi
қазiргi оқу пәндерiне кiрiктiру арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi
азаматтық ұстанымды тәрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиенiң басым
мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.
Сонымен қатар жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде экологиялық бағдарламаларды
әзірлеуге,
насихаттауға, экологиялық бiлiм беру мен ағарту жұмыстарын орындауға,
қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, мемлекеттiк органдар
мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға, қоршаған
ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен
ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн
шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр
жұмыстарды орындауға, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi
бойынша нормативтiк
құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және
әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға, қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен
бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға құқылы болып саналады.
Экологиялық білім берумен қатар экологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізу
қажеттігі туындайды. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды
ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелердi жақсарту, қалпына
келтiру, орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi ғылыми негiзделген iс-
шараларды әзiрлеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайту, Қазақстан
Республикасының экологиялық
қауiпсiздiгi мен әлеуметтiк, экономикалық және
экологиялық теңгерiмдi дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Экологиялық ғылыми зерттеулердiң мiндеттерi - қоршаған ортаның жай-күйiн
ғылыми тұрғыдан бағалау және болжау; ғылыми негiзделген экологиялық нормативтердi,
стандарттар мен талаптарды әзiрлеу; табиғи ресурстарды кешендi және ұтымды
пайдалануды негiздеу; қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында
мемлекеттiк реттеу мен басқаруды қамтамасыз ету үшiн ғылыми ұсынымдар әзiрлеу;
экологиялық тұрғыдан тиiмдi ресурстарды сақтау технологияларын ғылыми тұрғыдан
негiздеу, әзiрлеу және енгiзу болып табылады.
Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған
ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсiби бiлiм
берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы
орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен
келiсе отырып бекiтедi.
Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуi үшiн бiлiм беру саласында
ұзақ мерзiмдi
iс-қимыл жоспарын айқындау;
2) экологиялық бiлiм беру мен ағартудың оқу-әдiстемелiк және ғылыми-
әдiстемелiк негiздерiн жетiлдiру;
320
3) қоршаған ортаны қорғау саласында бiлiктi мамандар даярлау;
4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жөнiндегi оқу және әдiстемелiк
материалдардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi бағдарламаларды және iс-
шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу жөнiнде экологиялық
бiлiм беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк қолдау шаралары: бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм
берудi (экологиялық бiлiм беру мен ағарту, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi
оқу-әдiстемелiк жұмыстар мен iс-шараларды) әртүрлi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк
бағдарламалар шеңберiнде қаржыландыруды; мемлекеттiк органдардың мамандар
даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға
белсене қатысуын;
орнықты даму үшiн бiлiм беру саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттiк тапсырыс
берудi; экологиялық бiлiм беру мен ағарту саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс берудi; қоршаған ортаны
қорғау саласындағы бағдарламалар шеңберiнде экологиялық бiлiм беру мен ағарту,
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды
қамтамасыз етудi қамтиды [3].
Достарыңызбен бөлісу: