317
Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі
мінез құлық нормаларымен қатар,
экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек.
Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен
әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері
бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай ақ тіршілік ортасына белгілі бір
дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи
ресурстарды ондысолды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық
қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен
бастауға болады, яғни
суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ
аэрозольдарды қолдану және тағы басқалар. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы
отбасында түзіле бастайды [1].
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы
керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне,
қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты
көңіл бөлініп жатқанына
байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде
баспасөз ақпарат құралдарының және қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор.
Баспасөз ақпарат құралдарының бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы
дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың
экологиялық сана сезімі өсіп, көтеріледі. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен
толықтырылады.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия,
колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін
жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі болып саналады.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері
ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын
игеруге бағытталған оқыту
жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту
жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті,
ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға
білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар
бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ кшендік және үздіксіз болуы
қарастырылған.
Бәріне ортақ қағидасы бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның
барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының
барлығында жүргізілуі керек. Алайда,
жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту
жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының,
қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік қағидасы бойынша, әртүрлі екі
процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың
санасына бірлесіп кешенді әсер ету.
Үздіксіз қағидасы, азаматтардың, мамандардың,
басшылардың кәсіби жұмысы
барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты
экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің
құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық
сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті -адамның тіршілік барысында
қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен
қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке
тұлғаның дамуына ықпал ету [2].