«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет161/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2018. – 
85 б. 
2. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы. -
Алматы. 2005. – 396 б. 
3. Байдельдинов Л.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы, 1995, стр. 
128. 
ӘOЖ 349.6 (045) 
 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Дәуренова А.Д., студент, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Ғылыми жетекші: Қамарова Н.С. 
 Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада экологиялық білім мен тәрбиенің көкейтестілігі, 
мақсаттары мен міндеттері, маңыздылығы айтылады. Сондай-ақ экологиялық тәрбиенің 
балаға бастауыш сыныптан бастап мектеп бітіргенше, одан соң жоғары оқу 
орындарындағы білім алушыларға да берілуі туралы сөз болады. 
Түйінді сөздер: «Экология» ғылымы, экологиялық білім, экологиялықтәрбие, 
экологиялық тәрбиенің көкейкестілігі. 
Экологияның көп болса небәрі екі жүз жылдық тарихы бар. Экология терминін 
неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). «Естественная история происхождения» атты 
кітабында[1]алғаш реет қолданған. Экология – «ойкос»деген грек сөзі, «үй, 
баспана»ұғымынбілдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология – зоологияның бір 
тармағы, жандыма құлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара 
қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайд аболды. 
Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушыағылшынғалымы 
Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік 
әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. «Экология» ғылымы 
теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами 


321 
бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз – табиғатты пайдалануды қғылыми-
теориялық негізі. 
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мынадай мақсаттарын алдымызға 
қойуымыз керек: 
- қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; 
- жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; 
- қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту 
және жақсарту; 
- экологиялық білімді насихаттау. 
- Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың экологиялық көзқарасын, 
санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру.
Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. 
Осындай мақсаттардан экологиялық тәрбиенің мынадай басты міндеттері шығады: 
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке 
төселу; 
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық 
пайдалы еңбекке қосу; 
• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру; 
Ең басты міндеттердің бірі – мектеп оқушыларын табиғатты қорғау мәселелері туралы 
ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. 
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-
әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды 
игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық 
заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып 
отырады. 
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер 
байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын 
қалыптастырады.аталмыш тәрбие балаға сонау бастауыш сыныптардан басталу керек. 
Олардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын 
қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық 
бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста 
электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану сияқты пункттер енуі керек.
Ал орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен 
қаруландыру қажет.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының мынадай түрлері бар: 
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының 
көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану. 
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп 
отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, 
ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды 
жәндіктермен күресу. 
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау

пайдалы 
жануарларды 
қорғау 
және 
есебін 
алып 
отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу. 
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе 
жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен 
жүргізіледі. 
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені 
бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау 
және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді. 
5. 
Экологиялық 
тәрбиеге 
байланысты 
мектепте 
жаппай 
шаралар 
ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б. 


322 
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі 
сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек 
арқылы іске асырылады. 
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың 
табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің 
әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру. 
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде 
экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық 
деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің 
білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. 
Экологиялық тәрбие оқушылардың – табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр 
түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға 
бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді. 
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған 
орай табиғатты ұтымды пайдалануды ғылыми білімге негізделетінін жоғары оқу 
орындарының студенттері, яғни біздер де жақсы түсінуіміз керек. Өндірістік іс-әрекеттің 
нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. Осыларды бағамдап, қоршаған 
ортаны қорғауға, бүлдірмеуге, оған жол бермеуге әрқайсымыз дайын тұруымыз керек. 
Экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы осында жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет