26
Шығындар бойынша:
ЖҰӨ = С+G+І+Х,
мұндағы, С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы;
І – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт.
Табыстар бойынша:
ЖҰӨ =W+R+I+P,
мұндағы, W - жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық
төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%);
P - фирма мен
корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс
өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды
алудан сауда көлемін
ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті
болдырмау керек.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі
бір мерзімде ел шеңберінде
өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық
иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық
субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика
операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық
болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел
капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың
орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен
қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ = ЖҰӨ - А,
мұнда, А
– амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бір
компоненті бизнеске салынатын жанама
салықтар экономикалық
ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді,
сондықтан жанама салықтың
көлемі
ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен
алынады:
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.,
мұнда, ж.с. – жанама салықтар.
Достарыңызбен бөлісу: