7
Талқылайтын сұрақтар:
1. Қажеттіліктер және ресурстар. Экономикалық игілік түсінігі.
2. Экономикада ресурстарды таңдау және тиімді қолдану мәселелері.
Айналым шеңбер моделі.
3. Экономиканың негізгі мәселелері. Өндірістік мүмкіншілік қисығы.
1. Қажеттіліктер және ресурстар. Экономикалық игілік түсінігі
Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым
А.Маслоудың теориясы бойынша «төменгі сатыдағы» материалдық
қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы»
рухани кажеттіліктер
келесідей ретпен орналасады:
1. физиологиялық кажеттіліктер (тамаққа, сусынға, т.б.);
2. қауіпсіздік қажеттіліктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан,
т.б.);
3. әлеуметтік байланыстарға деген кажеттіліктер (сүйіспеншілікке,
кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.);
4. өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға, т. б.)
қажеттіліктер;
5. өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге
асыру жағдайында,
түсіну, т.б.) қажеттіліктер.
Қажеттіліктерін кез келген уақытта қанағаттандырып отыру
мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның қолындағы ресурстардың
қаншалықты екеніне байланысты.
Ресурстар
-
игіліктерді
өндіруге
және
қажеттіліктерді
қанағаттандыруга бағытталған қолда бар мүмкіндіктер.
Табиғи ресурстар - коғамдағы табиғи жер байлықтары,
ауылшаруашылығына қолайлы жағдайлар, жердің жақсы географиялық
аймақта орналасуы.
Өндірістік процестерде қолданылатын және тұтынылатын,
алдыңғы
ұрпақ негізін қалап кеткен ресурстар, яғни кәсіпорындар, көлік жүйелері,
тұрғын үйлер, т.б.
Адам ресурстары - адамдардың тәжірибесі, білім деңгейі, кәсіпкерлік
қабілеті, т.с.с.
Экономикалық ресурстар - адам еңбегінің нәтижелері. Оларды жасау
бірнеше факторларды қолдануға негізделген.
Өндіріс
факторларына жер, еңбек, капитал, басқару қабілеті жатады.
Жер - ауылшаруашылығының объектісі, ресурстар көзі. Еңбек -
өндіріс факторы, оның құрамына жұмыс істейтін адамдардың бәрі кіреді.
Нарықта ол сатылады, сатып алынады, тауар болып есептелінеді.
Капитал - байлық көзі бола
алатын құрылыс, құралдар.
Нарық экономикасында барлық адамдардың кәсіпкерлікті бастау
мүмкіндіктері бірдей болады. Бірақ әртүрлі қабілеттер әртүрлі нәтижелер
8
береді. Олардың тек 5-10% бір ғана керекті нәтижеге жетеді. Сондықтан
басқару қабілеті де өндіріс факторларына жатады.
Технология
және
ғылыми-техникалық
ресурстар
қоғамның
жинақтары, бүгінгі таңдағы техникалық процесстің бір дүниесі. Ресурстар
қалай
бөлінгеніне қарамастан, олардың мақсаты бір, яғни экономикалық
іскерлікте, игіліктерді өндіруде барынша қолайлы жағдай тудыру.
Игілік кез келген зат, ол материалдық, сонымен қатар, материалдық
емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін
қанағаттандырады немесе өндірушінің
көздеген мақсатына сәйкес
қолданылуы мүмкін. Нарықтык экономикада олар тауарлар мен қызметтер
деп аталады. Қызметтер түріне байланысты игіліктер екі түрге бөлінеді:
өндірістік ресурстар және оларды пайдалану негізінде өндірілетін тұтыну
игіліктері.
Кейбір игіліктер (атмосфера ауасы) шектеусіз көлемде болса, енді
бірі шектеулі (заттар, қызмет көрсету) болады. Шектеулілері
экономикалық ресурстар деп аталады.
Экономикалық теория осы шектелген (экономикалық) игіліктерді
зерттеуге бағытталған.
Ресурстардың шектеулілігі қоғамда
төрт іргелі сұрақтарды
тудырады:
1. «Не өндіреміз?» - қандай игілік өндіреміз және қандай мөлшерде?
2. «Қалай
өндіреміз?» - қандай ресурстарды және қандай
технологияны пайдаланамыз?
3. «Кім үшін өндіреміз?» - өндірілген тауарларды кім тұтынады?
4. «Осы
тауарлар мен қызметтердің айырбасы қалай іске
асырылады?».
Экономикалық
өсудің
барлық
мәселелері
қажеттіліктері
қанағаттандыруға жұмсалатын ресурстармен байланысты. Бұның
шешімдері екі негізгі экономикалық аксиомаларда көрініс табады.
Бірінші аксиома - қоғам қажеттіліктері
шексіз және олардың
толығымен қанағаттандырылуы мүмкін емес.
Екіншісі - тауарлар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті ресурстар
шектеулі және сирек.
Сонымен, өндіріс үнемі өспелі қажеттіліктердің шексіздігі мен
ресурстардың шектеулі аймағында жүзеге асырылады.
Кез - келген қоғамда адамға қажетті заттар өндірілуі қажет. Оларды
жасау өндіріс процесінде жүзеге асады. Осыған байланысты өндірістің екі
түрін ажырата білу маңызды а) жай мағынадағы өндіріс - пайдалы
заттарды жасау және ә) ауқымды мағынадағы өндіріс – өндіру, бөлу,
айырбас пен тұтынудың тұтас процесі.
Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті
құрайды: