Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Қаржы жүйесінің мәні неде? 
2. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы қандай? 
3. Бюджет тапшылығы қалай орын алады және оны жабудың 
жолдары қандай? 
4. Мемлекеттік қарыздың түрлері қандай? 
5. Трансферттік төлемдердің түрлері қандай? 
 
IVБӨЛІМ. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 
13 тақырып. Әлемдік экономика 
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Халықаралық экономикалық қатынастар - заманауи мемлекеттердің 
негізі. 
2. Қазіргі әлемдегі мемлекеттің халықаралық экономикалық 
ұйымдары және интеграциялық бірлестіктері. 
1. Халықаралық экономикалық қатынастар- заманауи
мемлекеттердің негізі. 
Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары. 
Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар: 
- халықаралық еңбек бөлінісі; 
- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда; 
- халықаралық несие; 
- өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы; 
- халықаралық валюта-қаржы қатынастары; 
- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар;
- экономикалық интеграция. 
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан 
(экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан 
көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық 
болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда 
пассивті сауда балансын құрайды. 
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар 
арқылы жүргізіледі: 


44 
1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен 
салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде 
болуымен өндіріс шығындары кем болады. 
2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- 
мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда
альтернативтік шығындар аз болуы қажет, сонда жалпы өнім көлемі де 
жоғары деңгейде болады. 
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі: 
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік
бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі 
шаралар қолданылады: 
- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел 
тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту. 
- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу 
қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы). 
- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-
тіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-
мінің өсуін ынталандырады. 
2. Еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен 
қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: бәсекені ынталандырады, 
монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. 
Тауарларды таңдау мүмкіндігі, мемлекеттер арасында араласу, бірігу 
процесі өседі. 
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға 
төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезеңдік 
статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді: 
- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, 
табыстық операциялары; 
- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен 
міндеттемелеріндегі өзгерістер; 
- бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, 
шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік 
операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар 
төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының
көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы 
мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел
дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық 
валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда,
төмендеуіне әкеліп соғады. 
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу 
шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни


45 
мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. 
Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, 
компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен 
халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әртүрлі формада 
болады: 
1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие 
байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.
- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі 
мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер); 
- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес 
беріледі. 
2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп 
бөлінеді. 
3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ 
мерзімді деп бөлуге болады. 
1. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, 
халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады. 
2. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді. 
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан 
келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни 
ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы 
(миграция). Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму 
қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің
дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша 
жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін пайыз 
көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа 
елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. 
Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді: 
- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған. 

Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да 
құнды қағаздарға бағытталған. 
Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша 
бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш 
валюта жүйесі белгілі: 
1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша
бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының 
тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал 
шектеуде ұстап отырады; 
2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза 
енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің 
кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. 
(алтын-доллар стандарты); 


46 
3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес
ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да, бұл жүйе - еркін 
өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс 
мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп 
отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет