Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

 
Протекционизм 
Фритредерство 
Мағынасы: 
Шетел өнімдерін ішкі нарыққа 
кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау 
үшін шектеу. 
Ешбір 
кедергілерсіз 
мемлекеттер 
арасында 
тауарлар мен қызметтердің 
еркін жүруі 
Артықшылықта
-
ры 
Төлем балансын теңдестіреді, 
демпингтен қорғайды. Жаңа 
салаларды қорғайды, өндіріс
көлемінің 
өсуін 
ынталан-
дырады. 
Бәсекені 
ынталандырады, 
монополияны 
шектейді, 
өндіріс 
тиімділігі 
өседі, 
бағалар 
төмендейді. 
Тауарларды таңдау мүмкіндігі 
өеді, мемлекеттер арасында 
жақындасу, 
бірігу 
процесі 
өседі. 
Кемшіліктері: 
Өндіріс тиімділігі төмендейді, 
бағалар өседі, тауарды таңдау 
мүмкіндігі болмайды, экспорт 
мүмкіншілігі азаяды. 
Ұлттық экономиканы шетелдің 
теріс 
әсерінен 
қорғау 
мүмкіндігі 
болмайды 
(демпинг, сапасыз тауарлар 
және т.б.). 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Халықаралық сауда және оның негізгі теориялары қандай? 
2. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты қандай? 
3. Төлем балансы және валюта бағамы қандай? 
4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі. 
5. Протекциониз деген не? 
 
14 тақырып. Әлемдік экономика және халықаралық мамандандыру 
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Халықаралық еңбек бөлінісі және шаруашылық мамандандыруы. 
2. Халықаралық сауданың негізгі теориялары. Мемлекеттің сыртқы 
экономикалық қызметін реттеудің негізгі әдістері. 
1. Халықаралық еңбек бөлінісі және шаруашылық 
мамандандыруы 
Ұлттық шарушылықтардың тұтас әлемдік шаруашылыққа бірігуінің 
негізінде халықаралық еңбек бөлінісі(ХЕБ) жатыр. 
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге 
қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек 


48 
бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды 
атап өтуге болады: 
1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, 
халықтың құрылымы, саны және де олардың шаруашылық тәжірибесі
білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық. 
2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, 
жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да 
ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы 
айырмашылық. 
3. Техникалық 
экономикалық факторлар – жеке елдердің 
экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әртүрлі болуымен 
анықталады. 
4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі 
өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және 
олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі. 
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді 
нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. 
Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі 
қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады.
ХЕБ - жекеленген елдің басқа елдермен айырбастайтын қандайда бір 
тауар өндірісінде мамандануы. ХЕБ тауарлы өндірістің пайда болуына 
себеп болды.
ХЕБ капитализмнің мануфактуралы дамуы кезінде пайда болды. ХЕБ 
жүзеге асырудың нысандары екіжақты, үшжақты сыртқы саудалық 
байланыстар түрінде болды, олар шектелген сипатта болды. 
Өнеркәсіптік түрленулер кезінде ұлттық шаруашылықтардың өзара 
байланысы күшейе түсіп, олар әлемдік шаруашылыққа тартыла бастады.
ХІХ ғ.аяғы мен ХХғ. басында ХЕБ ерекшелігі – елдердің бір немесе 
бірнеше тауарлардың жабдықтаушысы ретінде топтарға бірігуі 
(колониалды және тәуелді) оны – мономәдениетті мамандану деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет