Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Мемлекеттік қарыз және оларды басқару проблемалары



Pdf көрінісі
бет29/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

3. Мемлекеттік қарыз және оларды басқару проблемалары 
Мемлекеттік қарыз бюджет дефициттері жиынтығынан бюджет 
профициттерін (болған жағдайда) алып тастағанға тең. Мемлекеттік қарыз, 
сонымен, белгілі бір уақыт аралығына сәйкес есептелініп, ағыс көрсеткіші 
болып келетін мемлекеттік бюджет дефицитімен салыстырғанда қор 
корсеткіші, себебі белгілі бір уақыт кезеңіне сәйкес есептеледі. 
Мемлекеттік қарыздың екі түрін ерекшелейді: біріншісі - ішкі, ал екіншісі - 
сыртқы. 
Мемлекеттік сыртқы қарызбұл шетел мемлекеттеріне
мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін 
ең ауыр, себебі оны төлеу үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе 
белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады. 
Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін 
қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді. 
Мемлекеттік қарыздың абсолюттік көрсеткішіне сай оның экономикаға 
ауыртпалығын өлшеу мүмкін емес. Бұл үшін мемлекеттік қарыздың 
мемлекеттік кіріске немесе ЖІӨ- ге қатынасын пайдаланады, яғни d = О/Ү. 
Егер қарыздын өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынына қарағанда аз 
болса,онда қарыз қорқынышты емес. Экономикалық өсудің аз қарқынында 
мемлекеттік қарыз негізгі макроэкономикалық қиыншылыққа айналады. 
Ірі мемлекеттік қарыздың қауіптілігі мемлекеттің банкротқа ұшырауына 
байланысты емес. Мұндай жағдай болуы мүмкін емес, себебі үкімет 
қарызды жаппайды, тек қаржыландырады, яғни жаңа мемлекеттік 
қарыздарды шығарады және ескі қарыздарды жабу үшін жаңа қарыз алып, 
қаржылық пирамида түрғызады. Сонымен бірге, үкімет өзініңшығыстарын 
қаржыландыру үшін салықтарды көбейтеді немесе айналымға қосымша 
ақша енгізе алады. 
Мемлекеттік қарыздардың негізгі проблемалары мен жағымсыз салдары 
мынада: 
- экономикалық пайдалылығы азаяды, себебі экономиканың өндіріс 
секторынан қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша қызметтерге 
қаражат алынады; 

табыс жекеменшік сектордан мемлекетке қайта таратылады

табыстарда теңсіздік артады; 

қарызды қайта қаржыландыру пайыз мөлшерлемесінің артуына себеп 
болады, бұл қысқа мерзімде инвестициялардың шеттетілуіне, ал ұзақ 


43 
уақыт мерзімде капитал қорының азайып, мемлекеттің өндіріс 
әлеуетінің қысқаруына алып келеді; 

қарыздық немесе валюталық дағдарыстың пайда болу мүмкіншілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет