«Экономика негіздері»


Халықаралық сауда сертификаты



Pdf көрінісі
бет122/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
экономика негиздері кітап

Халықаралық сауда сертификаты - еркін айналымдағы импорттық 
лицензия, ол конверсияланбаған валюталы елден тауар сатып алып, оны 
елде алдын ала келісім бойынша тұрақты валютаға сатуға құқық береді. 
Холдинг - өзінің капиталын басқа компаниялардан акциялардың 
бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланылатын акционерлік 
компания. 
Чек – арнаулы құжат, онда чекке қол қойған адамның ағымдағы 
есебіне белгілі бір сомманы беру немесе аудару туралы банкке жазбаша 
жарлық болады. 
Жол чегі - ақша құжаты, ол ең алдымен саудалық сипаты жоқ 
операциялар және нақты адам қолма қол алу үшін пайдаланылады. 


192 
Іскер адамдар - егер күшіндегі заңға қайшы келмесе және белгіленген 
мүліктік немесе басқа да жауапкершілікті сақтайтын болса, заңның 
негіздегі қарамағына алынған мүлікті пайдалану бойынша өз 
инициативасымен кез келген шешім қабылдауға, кез келген әрекетті 
жүзеге асыруға ерікті адам. 
Ішкі орта - маркетингте іскер адамдардың тарапынан басқаруға 
болатын факторлар. 
Шектеулі валюта - валюталық шектеудің нәтижесінде сол 
мемлекеттің территориясында ғана пайдаланылатын валюта. 
Шетелге тауар шығару диверсификациясы - шетелге тауар 
шығаруға арналған өнімдер мен қызметтер түрлері мен атауларының 
санын көбейту. 
Шетелдік жеңілдік - белгілі бір тауарларды елге әкелудің мөлшерін 
шектеуді белгілеуді қарастыратын (мәселен жыл ішіндегі әкелінетін 
автомобильдердің санын) сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің түрі. 
Шетелдік лицензия - тиісті орган беретін белгілі бір товарларды 
негізуге рұқсат. 
Шетелдік валюта - шет елдік мемлекеттің ақша бірлігін көрсететін 
банкноттар, төлем құжаттары, банк шоттары. 
Экономикалық саясат - қаржы шаруашылық қызметінде тәртіп 
бұзуға жол берген және сол арқылы өз әріптестерін немесе мемлекетке 
зиян келтірген кәсіпорындарға еріксіз әсер ету шаралары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет