Әдістемелік нұсқаулар:
Осы тақырыпта нарықтық қатынастардың дамуы кезінде
адамдардың қарыздық ақша құралдарына деген қажеттіліктері күшейе
түскендігін қарастырады. Сонымен бірге ақша иесінің экономикалық
ролі өсуде. Бұл жерде банктердің және басқа да несие мекемелерінің
қызметтері қалай ұйымдастырылғанын анықтау қажет. Соның ішінде,
банктердің ақша құралдарының көздері қандай, несие операциялары
нәтижесінде олар қандай пайда табатындығын орнату.
Үлкен қызығушылықты акция және басқа да бағалы қағаздарды
сату есебінен өздерінің капиталдарын көбейтетін АҚ қызметі
танытады. Осымен байланысты бағалы қағаздар нарығының
ерекшеліктерін, қор биржасы қызметінің механизмін және акция
курсын орнатуды анықтауды қажет етеді.
Шаруашылық қызметте ерекше орынды жылжымайтын мүлікті
жалға беру алады.
Көптеген қиыншылығымен жер иесі мен жер учаскесінің жалгері
арасындағы экономикалық қатынас өзгешеленеді. Сондықтан жер
үшін жалға беру төлемінің көздері және жер нарығы қандай жағдайда
екендігін анықтау қажет.
Дәріс.
1 сұрақ.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді
ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін
көрсетуі керек:
81
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер
бір мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді:
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен
несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда
анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға
алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды.
Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол
ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да
мүмкін. Қазіргі уакытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші -банк
болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен
халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға
алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте
банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы
да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды
(ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші
болса, екінші жағдайда- қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған
қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша
мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі
заман талабына сай қарызға алушылар кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық,
мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға
алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында,
айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған
ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан
кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық
көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші
несие қатынастарының толық құқықты
жақтары болып табылады. Олар
міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын
ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос
қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы
мүмкін. Несие берушімен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-
қайшылықты
бірлігі
сипатын
көрсетеді.
Несиелік
мәміленің,
қатысушылары ретінде олар, оның қарама-қарсы жақтарында тұрады.
Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие
алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
82
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі алыс-берістің обьектісі - негізгі бөлігі сияқты
өзіндік өтелмеген құны - несиеленген болып табылады.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке
ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге
және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың
қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен
қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы
айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың
қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген
құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің
қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл
қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің, қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды.
Ол элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн сатыларын қарастырсақ. Келесідей көрсетіледі:
Н
0
-К
ан
-Н
п
...Р
б
...Н
к
...-Б
к
,
мұндағы: Н
о
- несие орналастыру;
К
ан
- қарызға алушының несиені алуы;
Н
п
- несиенің пайдаланылуы;
Р
б
- ресурстарды босату;
Н
к
- несиенің қайтарылуы;
Б
к
- банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) О
н
-несие
қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның
жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер
болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен
төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қ
ан
) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі
бір уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (Н
п
) қарыз алушының оны өз шаруашылығында
пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету
керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Б
р
) қарыз алушының
шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін несие
алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның
пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның
келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Н
к
) уақытша пайдаланылған құнның қарыз
алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының
шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің
уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
83
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Н
п
) құнды несие берушінің алу
актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт
бойынша несиенің қайтарылуы (Н
к
) және несие берушінің алған қаражаты
(несиеге бергені) К
ан
сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып
отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың
белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылган кезеңдер несиеленген құнын толық айналымының
бір бөлігі болып саналатын несиенін қозғалысын көруге болады, ол тек
несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар
айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші
қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар
туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып
көрсететін, несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О.И.Лаврушкин
оның қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола
тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын
қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану -
қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі
оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық -
несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің кайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның
ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді.
Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға
алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға
мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің
қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің
табиғатын өзгертпей кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен
қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат
алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас
алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған
несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді. Экономикалық категория сияқты
бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына
кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос
қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға)
талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің кайтарылуы қосарлы
қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау
нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады:
несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке
негізделіп
қайтарылым
қозғалысына
байланысты
экономикалық
қатынастар екендігі.
84
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен
пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы.
Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы
ерекшелігі сол. Ал, капитал - өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық
айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал
ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген
қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай
оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай
каражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы
себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен
анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап
қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені
пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен
сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз
ететін иесиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл
несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі
бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де оның тиімді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта
емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін
көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп
алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын
өндіріп алуға болатын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз
болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие
келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы
мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз
етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық
тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің максатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың
мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы
сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің
бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және
олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы
принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп,
несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері
85
жоғалады. Принциптермен қоса несиенің мәні олардың орындалатын
қызметтерінде көрініс табады. Ол туралы келесі тарауда айтамыз.
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері
болады. Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын,
экономикалық-ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең бөлшектенген
сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу
объектінің экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ, нормативтен тыс
қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында
берілетін несие, аккредитивтер;
- төлем несиелері.
ә) қамтамасыз етілуі бойынша:
- жылжымалы
және
жылжымайтын
мүлікпен,
ТМҚ-пен,
кепілділікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік (сенімділік).
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу (мерзімін ұзарту);
- бір жолғы өтеу;
- кезең сайын бір қалыпты (бір калыпты емес) өтеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты) ;
- жоғары пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);
- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда-саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шаруашылық несиесі;
86
- құрылыс несиесі.
ж) ашылатын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шоты бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие.
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен
немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері
бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз
кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы,
сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады.
Қарыз алушы ломбардтық иесиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана
алады.
Жаңартпалы несие (ағылшынша revolve - айналыста болу, кезең
сайын ауысып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдік
нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек
лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы
елдер арасында қосымша келісім-сөзсіз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған
несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір
мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан
ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз
алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.)
Овердрафт (ағымдағы банк шотынын келісімшарты аясында несиелеу)
несие ұйымының шот иесіне оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап
бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат
болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің
түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт
шегінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |