«Экономика негіздері»


Роялти - тұрақты алым бойынша белгіленген және лицензиат  келісілген мерзімнен кейін алып тұратын тұрақты өсім.  Сертификат



Pdf көрінісі
бет120/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
экономика негиздері кітап

Роялти - тұрақты алым бойынша белгіленген және лицензиат 
келісілген мерзімнен кейін алып тұратын тұрақты өсім. 
Сертификат - біріңғай сауда кеңесі арқылы өнімді бірігіп өткізу 
жолымен бәсекені жою және монополиялық бірлесу түрі. 
Стандартсыз келісім - партия, лот-мөлшері сол нарықта белгіленген 
ережеден кем немесе артық сауда-саттық (бағалар әдетте тауардың 
стандартты тобына котировкаланады). 
Сауда үстемесі - тауардың бөлшек сауда бағасының бір бөлігі бұл 
айналым шығындарын өтеуге және әр түрлі сауда ұйымдарын 
қалыптастыруға арналған. 
Стагфляция - елдің инфляциялық процестерді өршуі кезіндегі 
тоқырауды көрсететін экономикалық жағдайы. 
Субвенция - жергілікті органға немесе шаруашылықтың жекелеген 
саласына мемлекеттік қаржы жәрдемінің белгілі бір мақсаттарға арнап 
берілетін түрі. 
Субсидиялар - мемлекет немесе қандай да бір мекеме беретін 
жәрдемнің, әдетте ақшалай жәрдемнің түрі. 
Саудасыз төлемдер - саудалық емес операциялар бойынша 
халықаралық есеп айырысу, оған сондай-ақ саяхат жасау, командировка, 
гастрольдер, тағы басқалары кіреді. 
Салықтар - заңмен белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан
кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем. 
Салықты реттеу - мемлекеттің салық салудың жалпы деңгейін 
төмендету немесе көтеру есебінен бюджетке алып қою мөлшерін өлшеу 
жолымен өндірісті дамытуға жанама жәрдемдесуі, жекелеген салалар мен 
аймақтардың іскерлік белсенділігін ынталандыратын әртүрлі арнаулы 
салық жеңілдіктерінің енгізілген жүйесі. 
Тарату (өткізу) жолдары - тауардың өндірушіден тұтынушыға қарай 
жылжитын жолы. 
Тариф - бірлестіктерге, кәсіпорынға, ұйымға, халыққа көрсетілген 
өндірістік сипаттағы әр түрлі қызметтер үшін ақы төлеу. 


191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет