Тауардың өмірлік циклі - белгілі бір тауарды жасап шығарудан
бастап, оның тұтыну саласынан шығып қалғанға дейінгі кезеңі.
Тауардың тұтыну қасиеті - сатып алушыға пайдалы және ұнамды
әсер қалдыратын тауардың конструкциялық (қатаң, эстетикалық,
жұмсақтық) қасиеттерінің жиынтығы.
Төлем балансы - белгілі кезеңде немесе күнде барлық резидент
еместерге қарағанда елдің резиденттеріне түскен бүкіл төлемдер және
қызет көрсетумен сауда жасау,аудару.
Трансферт - шетел валютасын немесе алтынды бір елден екінші елге
аудару.
Тұтыну бюджеті - жанұяның ақшалай кірісі мен шығысының ақшалай
балансы, ол халықтың әр түрлі тобының қалыптасқан ел-ауқат дәрежесін
сипаттайды.
Тіркелген офис - компанияның ресми штаб-пәтері (саудадан тыс
мақсаттарға арналған).
Ұлттық табыс - материалдық өндіріс саласында жаңадан жасалған
құн өндірісті одан әрі ұлғайтудың және халықтың материалдық әл-ауқатын
жақсартудың базасы.
Ұлттық байлық - халық шаруашылығындағы барлық өндірілген және
өндірілмеген қорлардың, жеке және қоғамдық мүліктердің запастары мен
резервтердің құны.
Ұлттық есептер жүйесі - бухгалтерлік есеп түрінде құрастырылған
өндірісті макроэкономикалық есептеу қоғамдық өнім мен ұлттық табысты
бөлудің және ақырға пайдалану.
Урбанизация – халықтың және экономикалық өмірдің ірі қалаларға
шоғырлануы, өнеркәсіптік орталығына тән белгілер мен ерекшеліктеріне
ие болу.
Фактор компания - факторинг операцияларына маманданған
компания.
Факторинг, факторинг операциялар - банк кредиті, факторинг
операциялары-клиенттің дебиторлық қарызын инкассирлеу.
Фирмалық несие - бір елдің шетелге тауар шығарушысы екінші елдің
шетелден тауар жеткізушісіне жеткізілген тауар үшін төлемнің мерзімін
ұзарту түрінде беретін несие.
Достарыңызбен бөлісу: |