«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


  Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері



бет12/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
2.  Экономикалық өсудің факторлары мен негіздері.

Экономикалық ғылымда экономикалық өсудің үш негізгі факторларының тұрпаттары бөліп көрсетіледі ұсыныс факторы және сұраныс  факторы, бөлу факторы.

      Ұсыныс  факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы түсініледі. Олардың құрамына енетіндер:

а) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

ә) еңбек  ресурстарының саны мен сапасы;

б) негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;

в) пайдаланылатын технологиялар;

ғ) ғылыми жұмыстар.

      Ұсыныс факторы экономикалық өсу үшін, әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетеді. Шынайы экономикалық өсу өсіп келе жатқан ресурстар көлемін нақты пайдаланумен байланысты, яғни соларға сұранысты қамтамасыз етудің қажеттігі.

      Экономикалық  өсу факторларының екінші турпаты сұраныс факторы болып табылады:

а) қоғамдағы  жиынтықты табыс пен шығындардың деңгейі;

ә) табыстар мен шығындардың құрылымы;

б) қоғамдағы  еркін капиталдың болуы;

в) кредиттік  қатынастар жүйесінің дамуы;                             

ғ) тутынушылардың кредит алуының мумкіндігі.                   Факторлардың үшінші турпаты – бөлу факторы.

Мәселе, тиімді бөлу жолға қойылған жағдайда ғана, қолда бар ресурстардың үдемелі  саны өнім  көлемінің өсуіне жол  ашады.

Бөлу факторына темендегілерді жатқызуға болады:

а) өндіріс факторлары мен өндіріс ресурстарын оңтайлы орналастыру;

ә) қоғамдағы табыстарды бөлу сипаты;

б) елдің экономикалық құрылымының өзгерістері;

в) елдегі баға серпіні;

 ғ)  экономикадағы инфляциялық беталыстар.

Бөлу факторының маңызды элементтері өндіріс ауқымының бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет