«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Мемлекеттің  сыртқы экономикалық  іс-әрекетінің мәні  және оның негізгі  бағыттары



бет42/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
3.Мемлекеттің  сыртқы экономикалық  іс-әрекетінің мәні  және оның негізгі  бағыттары.

  • Сыртқы экономикалық іс-әрекет әлемдік шаруашылық елдерінің көздеген мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін басты механизмдердің бірі болып табылады. Сыртқы экономикалық іс-әрекет – бұл халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы, қаржыландыру және халықаралық экономикалық саясатты қалыптастыру саласындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің өзара әрекет ету заңдылықтарын зерттейтін экономиканың бір бөлігі. Халықаралық экономиканың қызмет етуі оның нақты формалары, заңдылықтары механизмдері мен даму тенденциялары арқылы көрініс табады.

   Халықаралық экономика бүгінгі  таңдағы барлық әлем елдерінің  экономикасын зерттеу мақсатында  қолданылатын теориялардың бірі  болып табылады. Халықаралық экономика  пәні қамтиды:

  • халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыруда нарықтық жүйенің қызмет ету және даму заңдылықтарын

  • халықаралық айналымда болатын тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың қалыптасу заңдылықтарын

  • ашық ұлттық экономиканың талдау және бағдарламалау құралдарын, әсіресе бюджеттік, ақшалай және сыртқы секторларды

  • халықаралық экономиканың қызмет етуін сипаттайтын халықаралық қаржы нарықтары мен  қаржы механизмдерінің даму тенденцияларын

  • халықаралық экономиканы, оның қалыптасу принциптері мен даму тенденцияларын және жетілдіру жолдарын реттеу құрылымын

Халықаралық экономика методологиясы келесі әдістерден тұрады:

  • талдау және жинақтау

  • логикалық

  • модельді-эмпирикалық

  • экономика-математикалық

  • графикалық

   Халықаралық саудадағы мемлекеттің ролі белгілі  бір жетістіктерге жетуге бағытталған сауда саясатының шараларын іске асырумен анықталады. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу біржақты, екіжақты және көпжақты реттеу арқылы іске асырылады.

Біржақты  реттеу – елдің үкіметімен біржақты тәртіппен сауда әріптестерінің келісімі мен кеңесісіз іске асырылады (кейбір тауарларға баж салығын салу, импортқа квота енгізу )

Екіжақты  реттеу – сауда әріптестері болып  табылатын елдер арасындағы сауда  саясатының шаралары келісіп іске асырылады (маркалау, буып тыиу)

Көпжақты  реттеу – сауда саясаты көпжақты келісім-шарттармен келісім негізінде  реттеледі (Европалық Одақ, ГАТТ) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет