3. Бюджеттік саясаттың аймақтық аспектісі
Өңірлер экономикасының ерекшеліктеріне байланысты (демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық) орталық пен облыстардың арасындағы бюджеттік трансферттердің тетіктері, сондай-ақ облыстар ішінде үлкен маңызға ие болады. Ол субъективті шешімдерден алыстап, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарын кұруға мүмкіндік береді. Дамыған индустриясы бар солтүстік шығыстың және орталық бөліктің аймақтары, ірі өнеркәсіптік қалалары, елдің оңтүстік және батысының аграрлық облыстарының басым бөлігі үшін қаржылық дәстүрлі «қан құюшысы» болып табылады. Ережедегідей, демеу қаржы алатын, реципиент-өңірлерде тұрғындардың жиілігі мен саны, бала туудың жоғарылығы және балалардың үлесті салмағы, ауыл тұрғындарының басымдылығы, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ауруханалар мен мектептердің, әлеуметтік инфрақұрылымның үлкен желісін қарастырады.
Тұтастай алғанда, орталық пен аймақтардың қазіргі заманғы барлық жүйесі тиімді болып табылмайды және мүдделерде бірқатар қарама-қайшылықтар бар. Өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелеріне қарамастан, бір тұрғынға келетін бюджет шығындарының жобамен бірдей сомаларымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке ресми трансферттер, алып тастау және жәрдем қаржылардың өмірде бар тетіктері бағытталған. Бұл алдыңғы қатардағы (лидер) өңірлердің өз табыстарын көтеруге қызығушылығын азайтады және артта қалған аймақтардың біреудің асырауында болу көңіл күйін нығайтады.
Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі қазіргі уақытта толық әлеуметтік бағыты бар - 80 пайызға дейінгі шығыс бөлігі білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмекке және т.б. тұтынуға жұмсалады.
Капиталдық шығындар жалпы баптар бойынша бюджетке жазылады. Қаржылық ресурстардың шектелуі капиталдық жабдықтар мен құрылысты шағын қаржыландыруды анықтайды, яғни аймақтардың ұзақ мерзімді даму негіздері қаланбайды.
Істің жағдайын өзгерту бюджеттің барлық деңгейін орта мерзімді үш жылдық кезеңге әзірлеуге көшуге және жергілікті бюджеттің шығындарын ағымдағы және инвестициялыққа бөлуге мүмкіндік береді.
Орталық пен өңірлер арасындағы өзара қатынастар орта мерзімді келешекте тұрақты болуы тиіс және ол тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді, салық салынатын базаны кеңейтеді, оның нәтижесі облыстың табыстарының артуына алып келеді.
Бюджетаралық қатынастарды құру трансферттерді бірдей теңестіретін есеп айырысудың арнаулы әдістерін әзірлеуді талап етеді.
Өңірлердің және орталықтың, облыстың және ауданның тұрақты және әділ өзара қатынастары елдің дамуындағы әлеуметтік-экономикалық басымдылықты қамтамасыз етуге ықпалы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |