«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені



бет36/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Төртінші  топтар - Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, ягни элеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты-климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлылығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.

   Төртінші  топ үшін басымдықтар - экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін түбірлі қайта құру.

   Сөйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.

   Екінші  топтардағы аймақтарда мемлекеттік  реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.

   Үшінші  топтағы аймақтарда экономикалық тұгқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы  өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырылады.

   Тоқыраулы (төртінші) топтар үшін мемлекеттік  реттеу әдістері - оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.

   Мұндай  тәсіл аймақты басқару проблемасын  шешуде жемісті болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді. 

   2. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы

     Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізілмеуімен байланыстырылады.

   Аймақтық  саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерінің ұтымды ұштасуында, экономикалық өсудің аймақтық факторын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындыланады.

   Ол  үшін мемлекет келесі құралдардың арсеналын  пайдаланады: экономика аясындағы аймақтық заң шығаруды бақылау, аймақты дамыту бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, салықтық жеңілдіктер мен шегерімдер.

   Аймақтың  әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ол әлемнің көптеген елдеріне тән (Италияның өнеркәсіпті солтүстік және ауыл шаруашылықты оңтүстігі; Американың оңтүстік және солтүстік штаттары). Әлемдік тәжірибе проблемалы, тоқыраулы аймақтардың болуы мемлекет қызметінің ішкі және сыртқы аспектілеріне кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.

   Мемлекеттің аймақты басқару мәні ресми құжаттарда көрсетілген. Оның ішінде, бюджеттік, салықтық саясат пен олардың мамандануын қалыптастыру жайғасымындағы аймақтың тұрпаттануын құрайтын негізде 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкімет Қаулысымен «ҚР-ның өңірлік саясатының тұжырымдамасында» мақұлдаған.

   Осы Тұжырымдаманың бастапқы алғышартында былай деп пайымдалады: «әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі бойынша өңірлерді саралау... тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша тереңдейді», тоқыраудағы шағын және орта қалалардың, алыстағы аудандық ауылдардың және т.б. проблемалары қайшылық тудырады.

   Мемлекеттік қолдауды талап ететін, дағдарысты қалалардың тізімінде, 1997 жылдан тоқыраулы қалаларға - Жаңатас, Текелі, Приозерск, Алға, Кентау қалаларын енгізген. 50 мыңға дейін тұрғындары бар шағын қалаларда (елде олардың саны 60) көші-қон икемділігі жоғары, еңбек рыногының инфрақұрылымы дамымаған. Тоқыраулы қалаларда қалыпты өндірісті қамтамасыз ету әлі де мүмкін емес, ауру адамдардың өлім-жітімнің деңгейі жоғары, жұмыссыздықтың көлемі ортадан асады, ал азық-түлік өнімдерін негізгі тұтынудың ең аз деңгейіне есептелген өмір сүру минимумының көлемі өте төмен.

   Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны  үш кезеңде қарастыруды көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет