Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді



бет10/11
Дата31.10.2023
өлшемі183.54 Kb.
#481967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әлеуметтік серіктестігі

ҚОСЫМШАЛАР
Қосымша А
Ата-аналар жиналысы
(Дәстүрлі емес)
Тақырыбы: «Балам туралы не білемін?»
Қатысушылар: ата-аналар, тәрбиешілер, педагог-психолог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы.
Мақсаты:

  • Өз баласын танып білуге деген қызығушылығын дамыту, онымен белсенді қарым-қатынас жасауға әрекеттесу;

  • Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының эмоциялық жақындасуы, олардың бейресми жағдайда қатынас құруды ұйымдастыру;

  • Ата-ана ретінде өзіне, өзінің тәрбиелік қызметіне сын тұрғыдан қарай білу дағдысын қалыптастыру;

Алдын ала жұмыс:

  • Сценарий құрастыру;

  • Тақырып бойынша материалдар рәсімдеу-дәйексөздер, белгілі адамдардың сөздері;

  • Ата-аналар үшін жадынама әзірлеу;

  • Көрмеге арналған әдістемелік әдебиет таңдау;

  • Тақырып бойынша ата-аналармен сауалнама жүргізу;

  • Балалардың автопортреттері;

  • «Менің балам» шығарма жазу (үй жұмысы)

  • «Сен нені жақсы көресің?» тақырыбында балалармен әңгіме жүргізу.

Барысы:

  1. Жүргізуші: -Қайырлы кеш, құрметті ата-аналар! Бүгінгі кездесудің тақырыбы «Балам туралы не білемін?». Жиналыс сайыс ретінде өткізіледі. Сайыс болған соң қазылар алқасы болу керек және бүгінгі сайысты бағалаушылар – тәрбиеші ..., педагог-психолог..., дене шынықтыру нұсқаушысы...

Баланы тәрбиелеуде ата-ананың ролі зор. Сіздер – бала тұлғасының жобалаушысы, конструкторы мен құрылысшыларысыз». Сондықтан, өз балаларыңызды жақсы білу, тұлға қалыптастыру сияқты күрделі әрі жауапты міндетті ойдағыдай атқару үшін қажет.

  1. Бірінші сайыс - Үй жұмысы

«Менің балам» шығармасы. (Шығармалардан үзінді оқу, 1 қосымша)

  1. Екінші сайыс - Блиц-сұрақ

Жүргізуші: - Сіздің балаңыз топқа келеді. Топтағы балаларды сіздер әрине білесіздер. Мен сұрақтар қойып отырамын, сіздер тез арада жауабын бересіздер.

  1. Үшінші сайыс

Жүргізуші: Қазіргі заманда балалармен қатар ересектерде ойнайтын интерактивті ойындар өте танымал. Бізде сондай «Дұрыс-бұрыс» ойынын ойнаймыз. Бұл ойын, қаншалықты жақсы балаларыңызды білетіндеріңізді көрсетеді.
Ойын ережесі: Қатысушыларға, балалары жауап берген сұрақтар қойылады. Сәйкес келген жауаптарды қазылар алқасы санайды. (3 қосымша)

  1. Төртінші сайыс

Жүргізуші: - Келесі сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы өткізеді.
Сіздер балаларыңызбен сырттай жарысқа түсесіздер. «Көкқұтан» атты тепе-теңдік сақтау жаттығуын жасайсыздар. (4 қосымша)

  1. Бесінші сайыс

«Жанжал(келіспеушілік) туу жағдайы» - педагог-психолог жұргізеді. Жанжалдар күнделікті өмірде болып жатады. Оның негізінде қарама-қарсы мүдделер, көзқарастар қақтығыстары жатады, ал біздің өміріміз онысыз болмайды. Философиялық даму заңдылығы – қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі. Алайда, өзіңді қолыңда ұстап, жанжалды оңтайлы шеше білу өте маңызды. Біздің отбасылары осы мәселені қалай шешетінін қазір көреміз. Үш жағдаятты талқылау. (5 қосымша).

  1. Алтыншы сайыс

«Автопортрет» . Балалар алдын ала өздерінің автопортреттерің салады. Ата-аналар өз баласының автопортретін тауып алу тиісті.

  1. Сергіту жаттығуы. «Пирамиданы жина» ойын-эстафетасы. Пирамиданың

шеңберлерін өзегісіз бір-бірлеп жинау.

  1. Оригами тәсілі бойынша қағаздан фоторамка жасау шебер-сыныбы.

Топың екінші тәрбиешісі өткізеді.

  1. Жүргізуші: Сауалнамаға қатысқан ... ата-ана. 3 отбасы 100-150 ұпай , 5 отбасы 100 ұпайдан төмен жинады. (қосымша)

  2. Сайыстың нәтижесін жариялау-қазылар алқасы (7 қосымша), «Ата-аналар белсенділігі мен ықыласы үшін» атты медальдар, кәде сыйлар, «Балаларды табысты тәрбиелеу» атты жадынамалар табыс ету.

  3. Шай ішу. Ата-аналарға ұнаған және әрекеттесудің жаңа түрлерін - клубтар, сайыстар, бірлескен экскурсиялар, пікірталастар, демалыс күндегі кездесулер, ата-аналардың шебер-сыныптары, фотосуреттер көрмесі жөнінде пікір алысу.

Қосымшалар


1 қосымша
«... Менің ұлым өте мейірімді және жауапты, оның жақсы көріп айтатын сөзі – «Біздің жанұямыз»».
.....................................
2 қосымша
Блиц-сұрақ:

  • Топта ең үлкені кім?

  • ...........ең кішісі кім?

  • Кім орнында отыра алмайды?

  • Кім ең дос пейілді?

  • Кім жиі балабақшаға ойыншық әкеледі?

  • Кімнің шашы ең ұзын?

  • Кім ең білім құмар?

  • Ең үндемейтін бала кім?

  • Ең сәнді шаш кімде?

  • Топта кім жейде киіп жүреді?

3 қосымша
«Дұрыс-бұрыс» ойыны
4 қосымша
«Көкқұтан» ойыны
5 қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет