Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
- Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
-Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
- Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
-Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. [17]
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата - аналарды тартудың қажеттілігі:
-Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
- Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
-Ұнайды;
- Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
-Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
- Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;
- Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді,
Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;
- Бір – біріне көңіл бөлу
- Тыңдау
- Сыйлау
- Көзбе – көз қарау
- Тиімді орынды таңдау
- Әзілді сезіну
-Ұрыс – керістен сақтану сияқты
Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Сиқырлы сөздер айту;
Баласының жетістігін айту
Сенімді болу
Көңіл - күйіне қарау
Намысына тимеу
Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)
Қарапайымдылық
Пікірін сыйлау
Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары
- Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;
- Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;
- Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
- Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;
- Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;
- Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;
- Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру;
« Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу
« Таным » ата – аналар мектебі
Ата – аналар клубы
« Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»
Тақырыптық кеңес
« Ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »
Педагогикалық семинар
« Отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»
Шығармашылық кештер
« Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі
* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады
* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді
* ата – аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады
Ата – анамен жүргізілетін жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |