Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді



бет9/11
Дата31.10.2023
өлшемі183.54 Kb.
#481967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әлеуметтік серіктестігі

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз. Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. [20]


Осыдан бірнеше жыл бұрынғы ата – аналар үшін балалардың уақытылы тамақтануы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата – аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата – аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден – бір жолы оларды мекеме жұмысына , яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата – аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білуі қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан – жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін балабақша жоспарлы түде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып белгілі бір жетістіктерге жетеді.
Олай болса бүгінде ата – анамен балабақша бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін отбасымен балабақша бірлесе отырып ат салысудамыз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 






  1. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша

  2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 

  3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ басқару» журналына қосымша). 

  4. Зверева О.Л. МДҰ ата-аналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту) 

  5. Макаренко А.С. Ата-аналарға арналған кітап / А.С. Макаренко. – М.: Просвещение, 1968. 

  6. Республикалық педагогикалық журнал Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту журналы № 6 – 2014 жыл. 

  7. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 3 2012 жыл 

  8. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 11 2014 жыл.

  9. «Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж

  10. .«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж. 

  11. «Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.

  12. «Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975,9

  13. «Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007

  14. Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы

  15. Отбасы ме балабақша Қ. Ә. Исаева «Ата-аналар жұмыс жүргізуде жаңа әдістер» 2012ж.

  16. Бала мен балабақша №8-2011. Л. Ташевв «Балабақша мен отбасы ынтымақтастығының негізгі бағыттары»

  17. Бала мен балабақша №2. А.Қаболла «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру»

  18. Отбасы және балабақша №5. Ш. Шарипова «Отбасы мен балабақшаның педагогикалық байланысы»

  19. «Тәрбие құралы» журналы

  20. Bilimdiler.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет