Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
Баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлармен түрлі мүмкіндіктер жасау. Баланы эмоционалдық қолдауды қамтамассыз ету. Баланың жақын және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы, олармен берік қарым-қатынас орнатудағы жеке талаптарын қанағаттандыру, тіршілік іс әрекеттерінде қауіпсіздік туралы алғашқы білімін қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету, тілдік қатынастық дамуын қамтамассыз ету, отбасы мен қоғамның дәстүрлерімен құндылықтарына тәрбиелеу, бейімімен қызығушылығын дамыту. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шарттары; отбасы бала тұлғасын дамытуда оның алғашқы қоршаған ортасын құрады.
АТА- АНА ТОПТАРЫ: Балалары үлгілі отбасылар тобы. Барлық мүмкіндігі бар тек бала тәрбиесіне кері (әртүрлі себептерге сай) әсер ететін отбасылар.
Отбасындағы қарым-қатынастар: Түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас. Ынтымақтастық қарым-қатынас (отбасы мүшелерінің өзара түсіністікпен көмекке бағытталған қарым- қатынасы).
Отбасы мен балабақшаның өзара әрекетінің басты қызметтері:
- Ақпараттық;
- Тәрбиелік-дамытушылық;
- Қалыптастырушылық;
- Қорғау-сауықтырушылық;
- Бақылаушылық;
- Тұрмыстық
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;
Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастыру жолдары;
Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатындағы зерттеу,адамгершілік бағыттылығына қарай топтастыру, бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Коллаж: отбасы ұраны, отбасы фамилиясы, үлкен фото, эмблема, отбасы жасы, отбасының туған күні.
Партфолио: отбасылық мерекелік күн тізбегі отбасындағы әндерімен ережелері, отбасылық кулинария, есімдермен фамилиясының құпиясы, жұлдызнама. [19]
Достарыңызбен бөлісу: |