Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Қазақстанның білім саласына ерекше назар аударып келеді



бет2/11
Дата31.10.2023
өлшемі183.54 Kb.
#481967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әлеуметтік серіктестігі

Зерттеу жұмысының мақсаты. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмыстары сабақтастығын ұйымдастыру жолдарын анықтау және олардың балаға тигізетін әсері зеттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
-Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстардың тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау.
-
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұрған ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәриелеу мен оқытуың мемлекетік стандартында ата-аналарды мектепке дейігі ұйымдар мен мектепке дейінгі топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбсының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндеті білім беру стандартында «Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту , териясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я. А. Коменский, К. Д. Ушинсктий, В. Г. Белинский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Н.Н. Хан, В.А. Сухомлинский, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. П. Сейтешов, М. Ә. Құдайқұлов, А.А. Бейсенбаева, Қ.К. Жампейісова, Г. Т. Хайруллин, В.В. Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
Н. К. Крупская өзінің педагогикалық шығармаларында ата-ананың да білім деңгейін көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігін білмейтін ата-аналар кездеседі.
Халық педагогикасы да баланың тәрбиесі туған , өскен ортасына, ата-ананың, отбасы , үлкендердің, тәрбиешілерінің үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский, А. Құнабаев сыды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.
Отбасы мен балабақша тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – балаларды айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі , өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене бізуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мекепке дайындау. [2]
Қазіргі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізгі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» , деп классик жазушы айтқадай балалық шақтан бойын орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары , сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет