Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларлын (хспн) анықтау әдістемесі



бет2/17
Дата09.06.2016
өлшемі3.2 Mb.
#125469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2. Нормативтік сілтемелер


Осы Әдістемеде 5-қосымшаға сәйкес ҚР нормативтік құжаттарына, сондай-ақ нұсқаулық-әдістемелік және анықтама-ақпараттық материалдарға сілтемелер қолданылған.

3. Терминдер және анықтамалар


Әдістемедемынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

есепке алу торабысуды есепке алуды, оны бақылау және параметрлерін тіркеуді қамтамасыз ететін құралдар мен құрылғылар кешені.

есептік кезең – Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы арасында шартпен белгіленген уақыт кезеңі, оның ішінде көрсетілген қызметтердің көлемін тұтынғаны үшін толық төленуі тиіс;

кондоминиум объектілерінің мұқтажы - үй иеліктерін күтіп-ұстауға байланысты су шығындары(жөндеу жұмыстары мен сынақтар жүргізген кезде құбырларды босату және шаю, үй иеліктері алаңын, баспалдақ торларын, лифттерді, қоқыс құбырларын жинау және т.б.);

кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

қызмет көрсетуші – тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін қалалық коммуналдық шаруашылығының кәсіпорны (ұйымы);

суды есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде мөлшері өзгеріссіз (белгіленген қателіктер шегінде) қабылданатын физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және/немесе сақтайтын әрі коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген суық пен ыстық су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

тұрғындар – тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тіркелген және/немесе іс жүзінде тұрып жатқан жеке тұлғалар;

тұтынушы – суды су объектілерінен тұтынатын немесе сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

халықтың су тұтынуды пайдалану нормалары (ХСПН) – тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесін, су пайдаланудағы қалыптасқан жағдай мен дәстүрлерді, сондай-ақ ішкі су құбырының техникалық жай-күйін ескере отырып анықталатын, анық қол жетімді деңгейде су шығындарын қысқарту кезіндегі судың ұтымды шығыны;

Әдістемеде пайдаланылған өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

4. Жалпы ережелер


4.1. ХСПН халыққа үзіліссіз су берген кезде (оның ішінде ыстық су, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болғанда) ішкі сумен жабдықтау жүйесін тиісті техникалық пайдалану есебінен судың ысырап болуы мен ұтымсыз шығындарын қысқартқан жағдайда белгілі дәрежеде абаттандырылған нақты тұрғын үй ғимараттарында жыл ішінде су тұтынудың нормативтік меншікті орташа тәулік шамасын (л/туәлік∙адам) белгілейді.

4.2. ХСПН су ысырабы бар (істен шыққан су бөлу жабдығы арқылы тікелей ысырап болуы, ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жеткілікті жылытылмаған судың ағуы түрінде және т.б.) тұрғын үй ғимараттарынанықтайды.

ХСПН анықтау жөніндегі материалдар:


  • тұрғын үй қорында су сатудың жыл сайынғы жоспарларын жасаған кезде;

  • есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған пәтерлер (үй-жайлар) Тұтынушыларының төлеміне жататын су тұтыну шамасын анықтау кезінде;

  • ішкі сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту жобаларын әзірлеу кезінде қолдануға жатады.

4.3. ХСПН тұрғын үй ғимараттарының абаттандыру дәрежелері бойынша, сондай-ақ пәтердегі тұрғындар санының коэффициентіне, ғимараттың қабаттылығы мен кірмеде су қысымына байланысты сараланады.

4.4. ХСПН жеке елді мекен үшін тұрғын үй ғимаратын іріктеу бойынша су шығындары мен қысымының табиғи өлшемі негізінде белгіленеді.

4.5. Осы Әдістемеде көзделген жұмыстарды жүргізу қорытындысында:

1) судың нақты шығыны (ысырап болу) шамасы анықталады;

2) судың шығынын (ысырап болуын) іс жүзінде толық жоюға бағытталған ХСПН белгіленеді (шекті ХСПН);

3) судың шығынын 2 жыл ішінде нақты қол жетімді деңгейге дейін төмендетуге бағытталған ХСПН белгіленеді.

4.6. Әр тұрғын үй ғимараты (немесе бір кірмемен бірлескен ғимараттар тобы) үшін су тұтынудың жоспарлы көлемі қолданыстағы ХСПН мен бір мезгілде кондоминиум объектілерінің мұқтажына су тұтынудың белгіленген пайдалану нормативтері негізінде анықталады.

4.7. Тұрғын үй ғимараттарында су тұтынудың нақты көлемі бақылау стационарлық немесе бақылау бақылау есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде белгіленуі тиіс.

4.8. Тұрғын үй қорында су сатудың жыл сайынғы жоспарларын жасаған кезде әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттарында нақты меншікті су тұтыну шамасын ХСПН мәніне дейін баяулап төмендету көзделуі тиіс. Жоспарланған меншікті су тұтынуды төмендету қарқыны ішкі суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін техникалық пайдалануды жақсартудың нақты мүмкіндіктеріне; жоспарланған ұйымдық-техникалық іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде су тұтынуды бақылауды жетілдіруге (кірмелерде суды есепке алу аспаптарын қолдану және нақты шығындарды ХСПН негізінде белгіленген жоспарлы шығындармен салыстыру); құбырларда және су бөлу жабдығында, оның ішінде тұрғын үй ғимараттарының кірмелерінде қысым реттеуіштер орнату арқылы артық қысымды төмендетуге байланысты.

4.9. Көп пәтерлі ғимараттардың тұрғындары үшін ХСПН әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттары үшін (ғимараттың қабаттылығына, пәтердегі тұрғындар санының коэффициентіне және басқаға тәуелді емес) бірыңғай белгіленеді. Меншікті орташа су тұтыну көрсеткіші, оның негізінде бір тұрғынның төлеміне жататын ай сайынғы су шығыны анықталады, әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттары үшін шекті ХСПН орташа шамасы ретінде белгіленеді.

Бұл жағдайда жалпы тұрғын үй қоры бойынша шекті ХСПН сақталған кезде халық төлеген судың жалпы көлемі үйге ортақ судыесепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша кондоминиум объектілері мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің мұқтажына арналған су шығындарын есепке алмай) анықталған суды сату көлеміне тең болады.

4.10. Коммуналдық сумен жабдықтау жүйелерін жобалау кезінде әр дәрежеде абаттандырылған тұрғын үй ғимараттарында есептік меншікті орташа тәулік су тұтыну шамасы осы қалада ХСПН белгілеу бойынша материалдарды ескере отырып қабылдануы тиіс. Жүйені жобалаудың есептік мерзіміне қарай есептік меншікті орташа тәулік су тұтыну шамасының өзгеруін болжамдаған кезде су ысырабының болжамды төмендеуін ескеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет