Кредит саны -3 (2+1+0), кредит саны ECTS-5
Пререквизиттер – Экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика, ЭМР, маркетинг, менеджмент
Постреквизиттер – АӨК кәсіпорындарының экономикалық талдауы, баға жасау, инвестициялық жоба
Зерттеу мақсаты: Басқарудың әлеуметтік жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, сонымен бірге кәсіпорын қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін негіздеу бойынша практикалық әдістемелерді үйренуді қамтамасыз ететін кәсіпорын экономикасы мен басқару облыстарындағы көзқарастар жүйесінің қалыптасуы.
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорын экономикасы пәні және әдістері. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Бағалар жүйесі. Табыстарды қалыптастыру және бөлу. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі: түсінігі, мәні, түрлері. Кәсіпорын классификациясының түсінігі және белгілері. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың нарық жағдайындағы негізгі функциялары және мақсаттары. Кәсіпорынның негізгі қорлары: құрамы, құрылымы, тиімділігін және пайдалануын жақсарту бағыттарын бағалау. Оларды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері. Айналым қаржысының экономикалық мәні. Еңбек ресурстарының түсінігі, құрамы және құрылымы. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі: ұғымы, арттыру көрсеткіштері және резервтері. Кәсіпорын шығындары, олардың түрлері және экономикалық мәні. Кәсіпорындағы шығындарды азайту. Жалпы және тауарлық өнім. Сапа және өнімнің бәсекелестік қабілеті.
Зерттеуден күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ресурстық потенциалдарды пайдалану көрсеткіштерінің есебін, айналым қорларының айналу жылдамдығын арттыру көрсеткіштерін, өндіріс тиімділігі көрсеткіштерін, еңбек өнімділігінің өсуін, өнімнің еңбек сіңіргіштігі мен материал сіңіргіштігін азайту есебін және т.б.
Біледі: Кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіштерін, өндіріс шығындарын, кәсіпорын табысын өз бетінше есептей алады және т.б.
Істей алады: Басқару персоналдарын таңдай және орналастыра алады, басқару процесін ақпаратпен қамтамасыз ете алады және инвестициялық саясатты жүргізе алады.
Компетенциялар: Нарық заңдылықтары, нақты сектор кәсіпорындары жұмысының тиімділік резервтері және факторлары, табыстылықты жоғарлату, өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде өз білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Алимжанова А.М.
33
|
Mar (2210) 0233
|
Маркетинг
Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS - 5
Курстың басты деректемелері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Нарықтық экономика негіздері
Курстың деректемелері: Менеджмент, Баға және баға белгілеу, Нарықтық инфрақұрылым, Кәсіпорынның экономикасы
Оқыту мақсаты: Студенттерді маркетингтің негізгі тұжырымдамалары мен қағидаларымен таныстыру, нарық жағдайында кәсіпорынды, фирманы басқару, шаруашылық және өндірістік-өткізу қызметіне қажет теориялық білімдерді меңгеру.
Қысқаша мазмұны: «Маркетинг» - бұл басқарушылық қызмет түрлерінің бірі, осыған сәйкес тауар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге жарамдылығын қамсыздандыру,жеке сату мен насихаттау, жарнама техникасын, өткізуді ынталандыру шараларын, баға белгілеу жүйесін, өткізім амалдарын және тиімді әдістерін пайдалану, бөлу арналарын бақылау мен ұйымдастыру, осы өнімнің нарығын зерттеу, жаңа өнімді шығару процесін қарастырады. Сондай-ақ, нарықтағы тұтынушы әрекетінің ерекшеліктерін, фирма мен оның клиентерінің әрекетін, макро және микро ортаның факторларының әсер етуін оқытады.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білімі: ҚР нарықтық экономикасындағы маркетинг рөлін игереді.
Іскерлігі: Қазіргі нарық жағдайында тұтынушылардың өзгеріп отыратын талап-тілектеріне, сұраныстарына сай қажетті тауарлар және қызметтерді қамтамасыз етуін түсінуі қажет;
Дағды: Маркетингінің теориялық негіздері мен тұжырымдамаларын, нарықтарды зерттеу, болжау және сегменттеу, маркетингілік ортаны, тауар және тауар саясатын, бөлу және тауар қозғалысы арналарын, маркетингілік қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау сұрақтарын білу қажет.
Құзырлығы: Маркетингттің негізгі құралдарын пайдалану туралы түсініктерін қолдана білуі.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Самиева Г.Т.
|
34
|
EMR (2207) 0234
|
Экономиканы мемлекеттік реттеу
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS кредитінде – 5.
Пререквизиттер: Экономикалық теория, Микроэкономика
Постреквизиттер: Экономиканың нақты секторын мемлекеттік реттеу
Оқыту мақсаты: Студенттерге елдегі әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеудің механизмі туралы тұтас мағлұматтар беру. Олардың экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру.
Қысқаша мазмұны: ЭМР теориялық астары мен оның объектісі. ЭМР-дің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның элементтері. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Экономикалық мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік- экономикалық болжау мен жоспарлау. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Экономиканы реттеудің қаржы–бюджеттік әдістері. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.
Оқытудан күтілетін нәтиже:
Білімі: Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен механизмін,
мемлекеттің экономикалық саясатының мәні, әдістері және принциптерін біледі.
Іскерлігі: Мемлекеттің нарық негізінде қалыптасатын экономикалық қатынастарға белсенді қатысушылардың бірі ретінде іс-әрекетіне көзқарастарды қалыптастырады.
Дағдысы: Нарықтың қызмет ету жағдайында мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру қағидалары мен әдістерін қолданудың, басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдысын үйренеді.
Құзырлығы: Негізгі мәселелер мәнін анықтап және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасайды.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Жұмашбекова С.Қ.
|
35
|
Sta (2206) 0235
|
Статистика
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), EСTS- 5 кредит
Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Экономистерге арналған математикаа».
Постреквизиттер: «Кәсіпорынның қаржылық есебі», «Экономикалық талдау», «Кәсіпорын экономикасы», «Қаржы».
Оқытудың мақсаты: Статистиканың теориялық сұрақтарын Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасыының сол кезеңдегі даму тәжірибесімен байланыстыра отырып шешу керек. Теориялық сұрақтарды оқыту барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық Агенттігінің базасындағы мәліметтерді пайдалана отырып, жергілікті статистикалық органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың мәліметтерін пайдалану. Статистикалық мәліметтерді кесте, график, диаграмма, қорытынды есептер түрінде көрсету.
Қысқаша мазмұны: Статистика – бұл әлеуметтік-экономикалық ғылым,оны оқып үйренудің мақсаты зерттеу объектісінің жағдайы, дамуы, қоғамдық құбылыстың құрылысы, статистикалық бақылыу және статистикалық ақпарат жинау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Статистиканың ғылыми негізін білу, экономикалық процестерді талдауда статистикалық әдістерді қолдана білу.
Іскерлігі: Өздігінен статистикалық ақпараттарды жинап өңдей білу, сонымен қатар статистикалық зерттеулердің нәтижелерін қорытынды шығаруды меңгеру.
Дағды: Қазақстан Республикасындағы және оның аймақтарындағы даму мен әлеуметтік экономикалық жағдайларды, статистикалық көрсеткіштерді қорытындылаудың техникасы мен технологиясын тәжірибелік сабақтарда пайдалана алады.
Құзіреттілігі: Меңгерген теориялық білім мен тәжірибелік икемділікті, дағдыны өндірісте, ғылыми тәжірибелік және оқытушылық қызметте пайдалану.
Бағдарлама жетекшісі: э.ғ.к. А.Зейнуллина
|
36
|
HKES KE (3213) 0236
|
ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), EСTS-5 кредит
Пререквизиттер: Бухгалтерлік есеп.
Постреквизиттер: Кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
Оқытудың мақсаты: Студенттерді кәсіпорындарда қаржылық есепті жүргізу тәртібіне, оны халықаралық стандарттарға сай ұйымдастыра білуге үйрету. Студенттерді кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есепті құрастырып, ұсына алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Қысқаша мазмұны: Қаржылық есеп сыртқы пайдаланушыларға олардың потенциалды инвесторларының, акционерлерінің, кредиторларының қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында дұрыс та, оптимальді шешімдерді қабылдауы үшін, сол сияқты мемлекеттік, статистикалық, салық қызметтерінің және басқа сыртқы пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін анық та, сенімді ақпараттарды ұсыну болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: ҚЕХС сәйкес қаржылық есептің ғылыми негіздерін білу, қаржылық есепті жүргізудің негізгі қағидалары мен жүргізу әдістерін, тәртібін үйренеді.
Іскерлігі: Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті және есептілікті құруды өз бетінше жүргізе алады.
Дағды: Кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша сұрақтарды өз бетінше шешуге дағдыланды.
Құзіреттілігі: ҚЕХС сәйкес қаржылық есептен меңгерген теориялық білім мен тәжірибелік икемділікті, дағдыны өндірісте, ғылыми тәжірибелік және оқытушылық қызметте пайдалана алады.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Д.Ахунова
|
Профильдік пәндер – 27 кредит
|
«Қаржылық менеджмент» білім беру траекториясы
|
1
|
KKS 0301
| |
Достарыңызбен бөлісу: |