Элективті пәндер каталогы


Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау



бет9/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалдық саясат және республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді даму жоспарының негізінде бюджетті жоспарлау бойынша органдарымен бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерді жобалаудың ерекшелігін оқу. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының Салық Кодексімен және басқа да заңдық – құқықтық нормалар негізінде алдағы уақытқа бюджеттің түсімдері жобаланады.

Қысқаша мазмұны: Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжамдау процесінің мәні мен мазмұны, оның міндеттері мен әдістері қарастырылады. Сонымен қатар салықтардың негізгі түрлері бойынша (жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салық, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салық, әлеуметтік салық, мүлікке салық) болжамдауды есептеу тәртібі қарастырылады.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Нарықтық қатынастар жағдайындағы үлкен мәнге ие және мемлекеттің экономикасын басқарудағы және дамытудағы оның орнын анықтайтын салықтық жоспарлау мен жобалаудың жүйесін білу.

Икемділік: Салықтық жобалау аясында және салықтық және салықтық емес түсімдерді жоспарлау мен жобалаудағы салықтық әдістерді пайдалану кезеңінде нақтыланған міндеттерді қоя білу.

Дағды: Салықтық және салықтық емес түсімдерді өсірудің тенденциясын құруда, әр түрлі функцияларды іске асыру және әр түрлі мемлекеттік міндеттерді шешудегі түсімдерді жоспарлау аясындағы дағдының болуы.

Құзіреттілігі: ҚР бюджетінің салықтық түсімдерінің динамикасын және құрылымын талдау, салықтық тұсімдерді жоспарлау әдістері және қағидаларын оқудағы базалық білімді көрсету және салықтық және салықтық емес түсімдерді жоспарлаудың тиімді жүйесін құру.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, И.С. Жұртыбаева.



«Мемлекеттік бюджет және қазынашылық» білім беру траекториясы


16

MB 0316

Мемлекеттік бюджет


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мемлекеттік бюджетті экономикалық категория ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет қолданылатын және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады. Мемлекеттегі қаржылық-экономикалық реттеу әдістері мен нысандарының өзгеруі мемлекеттік және аумақтық қаржылар мәселесін егжей-тегжейлі және жан-жақты зерттеуді қажет етеді. ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады.

Қысқаша мазмұны: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттік жүйе және бюджеттік құрылым. Бюджеттік жіктеу. Шығындардың функционалдық және экономикалық жіктелуі. Бюджеттің жеке түрлерінің экономикалық мазмұны мен мәні. Бюджетке түсімдер.Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі. Әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету шығындары. Экономиканы мемлекеттік қолдау. Мәдениетті қаржыландыру ерекшеліктері. Бюджетті қалыптастыру және пайдалану. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бюджеттік қатынастарды құру және пайдалану сұрақтарын, қазіргі кезеңде олардың қызмет ету механизмін мемлекеттік бюджеттің атқару процесін, мемлекеттік бюджет шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру ережелерін біледі.

Икемділік: Мемлекеттік бюджеттің құқықтық қамтылуына бақылау және басқаруға талдау, бюджеттік ресурстарды пайдалану және тарату, қалыптастыру процесін жүйелеуді білу.

Дағды: Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды ұйымдастыруда және олардың орындалуын ұйымдастырудағы дағдының болуы.

Құзіреттілігі: Бюджеттік қатынастар жүйесін қалыптастыру және пайдаланудағы және қазіргі кезеңдегі олардың қызмет етуінің механизмінде базалық білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, И.С. Жұртыбаева.

17

BKN 0317

Бюджетаралық қатынастардың негізі

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит



Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Тиісті аймақтың салықтық потенциалы негізінде елдің барлық территориясында мемлекеттің әлеуметтік стандарттарының аз мөлшерде сақталуы кезінде оларға артылған мідеттер мен қызметтерді есепке ала отырып барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдігін сақтау үшін нәтижелі шараларды қалыптастырудағы теориялық білімді меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Бюджетаралық қатынастардың жүйесі. Бюджетаралық қатынастардың қалыптасу процесі. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру тәсілдері, әдістері, қағидалары. Орталықтандырылған ресурстарды таратуда және мақсатты пайдалану механизіміндегі, бюджеттік ағымдарды реттеудегі мемлекеттің ролі. Жоғары тұрған бюджетке қаржылық ресурстарды тарату. Төменде тұрған билік органдарының шығыстар құрылымын қалыптастыру процесі. Бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыру. Аймақтарға қаржылық көмек көрсету арқылы бюджеттік теңестіру механизмі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бюджетаралық қатынастар қандай мақсатта және қандай қағидаға негізделіп, Бюджетаралық қатынастардың спецификасын білу.

Икемділік: Барлық бюджеттердің теңдігін қамтамасыз етуде, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын түзете білу епетілігі.

Дағды: Бюджетаралық қатынастар аясында теориялық алған білімін практикада қолдана білу дағдысы.

Құзіреттілігі: Мемлекеттік билік органдарының қажеттілігі мен қабілетін реттеудегі базалық білімін көрсету.

Жоба жетекшілері: оқытушы А.Е. Мергембаев, аға оқытушы И.С. Жұртыбаева

18

SSeTB 0318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет