Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Компанияның қаржылық стратегиясын іске асыру бойынша бағдарламалар мен жобаларды құру бағыттарын, капитал құрылымы облысында компанияның саясатын және стратегиялық жоспарлау көрсеткіштерін оқыту.
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы оның дамуының маңызды элементі ретінде. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның қаржылық стратегияның қалыптасуына әсері. Стратегияны кәсіпорынның қаржылық жағдайымен байланыста өңдеу процесі. Кәсіпорынның қаржыларын басқаруды стратегиялық жоспарлау процесі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Кәсіпорынның қаржылық жағдайымен байланысты стратегияны өңдеу процесін, каптал құрылымын басқаруды біледі.
Икемділік: Компанияның қаржылық стратегиясын іске асыру бойынша бағдарламалар мен жобаларды құру бағыттарын жүйелеуге епті.
Дағды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оның стратегияның құрылуына әсерін талдау жүргізуге дағдылы.
Құзіреттілігі: Капитал құрылымын анықтау облысында, компанияның инвестициялық және дивидендтік саясатын бағыттарын анықтаудағы базалық білімді көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Акишева Д.М.
2
|
ZhT 0302
| Жобаларды талдау
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Студенттерде жобалық талдаудың негіздерін оқытуға қажетті теорялық және практикалық білім қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Инвестициялық шешім қабылдаудың негізгі принциптері. Инвестицияларды бағалау критерилері. Келтірілген құн және капиталдың альтернативті шығындары (табыстың шекті нормасы). Табыстылық нормасы және дисконттау ставкасы. Ұзақ мерзімді активтерді бағалау. Қарапайым және күрделі пайыздар. Таза келтірілген құнның альтернативті критерилері. Белгісіздік жағдайындағы инвестициялық шешімдер түсінігі. Портфелдік тәуекел. Тәуекел және табыс. Ұзақ мерзімді активтерді активтерді бағалау моделі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Инвестициялық қызмет концепцияларды, теориялық негіздерін білу.
Икемділік: Инвестициялық жағдайды толық талдауды іске асырады, кестелер, сызбалар құрастырады.
Дағды: Жобаны талдап, талқылайды, оларды негізін түсіндіреді, дискуссияға түсуге дағдылы.
Құзіреттілігі: Жобаны талдау құралдарын практика қолдануды және кәсіпкерлік жобаны талдау әдістерін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Зиядин С.Т., Омарова А.К.
|
3
|
KND 0303
|
Қаржылық нарық және делдалдар
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Студенттерге қазіргі қаржылық нарықта операцияларды тиімді басқар әдістемесін оқыту. Қысқаша мазмұны: Қаржылық нарық түсінігі және оның функциялары «Қаржылық делдалдар және олардың функциялары». Қаржылық нарық құрылымы. Қаржылық нарық инфрақұрылымы. Капитал нарығының түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Ақшалай нарық түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Валюталық нарық түсінігі, оның құралдары мен қатысушылары. Туынды бағалы қағаздар нарығы, оның құралдары мен қатысушылары. Халықаралық қаржылық нарық. Қаржылық нарықтағы коммерциялық банктердің қызметі. Қаржылық нарықтағы зейнетақылық қор қызметі. Қаржылық нарықтағы сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі. Қаржылық нарықтағы брокерлік-дилерлік қызмет.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қаржылық институттар ұсынатын қызметтер түрлерін, баға құру әдістемесін, оларды басқару стилін, ішкі және халықаралық нарықта тиімді қызмет ету стратегиясын білу.
Икемділік: Қаржылық нарық және оның қатысушылары қызметінің мәнін түсіну, қаржылық нарық құрылымын және қаржылық институттар ұсынатын қызметтер түрлерін біледі.
Дағды: Қаржылық нарықтың қызмет ету механизмін және қаржылық нарықтың әрбір сегментінің қызмет ету ерекшеліктерін білу. Қаржылық нарықты реттейтін нормативті құқықтық базаны қарастыру және қаржылық нарықтың әрбір құрамдас бөлігінің қызметін білу, түрлі елдердегі қаржылық институттардың, қаржылық делдалдардың, нарықтың кәсіби қатысушыларының қызметіне әсер ететін факторларға талдау жасай білуге дағдылы.
Құзіреттілігі: Қаржылық институттардың мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауда және олардың жағымсыз салдарын төмендету жолдарын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оықтушы Жұртыбаева И.С.
|
4
|
BKNB 0304
| Кәсіпорындардың және фирмалардың бағалы қағаздар портфелін басқару
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Студенттерге бағалы қағаздар портфелін құру негіздерін оқыту, инвестициялау принціптерін қарастыра отырып, қор нарығында бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруда тиімді инвестициялау әдістемесін білу.
Қысқаша мазмұны: Бағалы қағаздар портфелі түсінігі, оның мазмұны. Бағалы қағаздар портфелін басқару. Баға қағаздардың инвестициялық сапасы портфелдік инвестициялау обьектісі ретінде. Бағалы қағаздар портфелімен байланысты тәуекелдерді бағалау. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырумен байланысты операциялардың түрлері. Бағалы қағаздар портфелінің мониторингі. Портфелдік стратегиялар.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Бағалы қағаздар портфелін құрудың негізгі моделін, портфелдің инвестициялық сапасын сандық бағалау, инвестициялық стратегияның тиімділігін бағалау әдісін білу.
Икемділік: Бағалы қағаздар портфелін құрады, оларды тактикалық басқарады, өзінің инвестициялық стратегиясының тиімділігін анықтауға епті.
Дағды: Инвестициялық портфельді құруда фундаментальды талдауға, бағалы қағаздар портфелін оперативті басқаруда техникалық талдауға дағдылы.
Құзіреттілігі: Бағалы қағаздар портфелін құру, талдау кезіндегі практикалық қызметте базалық білімді қолдануды көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оықтушы Құрманбекова Г.А.
|
5
|
IShTB 0305
|
Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың теориялық негіздерін, құрылымын, практикада қолдану әдістемесін оқыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |