Элективті пәндер каталогы


Шет мемлекеттер салықтары



бет8/13
Дата03.07.2016
өлшемі490.5 Kb.
#173960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Шет мемлекеттер салықтары


Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: ТМД елдерінің, алыс және жақын шетел мемлекеттеріндегі салық салу ерекшелігін, индустралды дамыған мемлекеттердің салық жүйесінің құрылымы, Қазақстандағы қызмет ететін салық жүйесі мен шет елдердегі салық жүйесін құрудағы ерекшеліктерді салыстыруды оқу.

Қысқаша мазмұны: Салықтық жүйені құрудың негізгі принциптері. Салықтық қызметтерді ұйымдастыру және салықтарды төлеуді бақылау. Ұлыбританияның салықтық жүйесі. Францияның салықтық жүйесі. Италияның салықтық жүйесі. Швецияның салықтық жүйесі. Испанияның салықтық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салықтық жүйесі. Швейцарияның салықтық жүйесі. РФ салықтық жүйесі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Дамыған шет мемлекеттерде салық салуды қалыптастыру және дамытудың сұрақтарын, мемлекеттің экономикасын басқаруда және дамытуда фискалдық саясаттың орынын анықтауды білу.

Икемділік: Мемлекеттің салық жүйесінің құрылымына салыстырмалы талдау жүргізуді білу, Қазақстанның қазіргі салық салу жүйесін оптимизациялау бойынша ұсыныстар жасай білу.

Дағды: Жеке алынған бір мемлекеттің нақты салықтың түрін есептеу механизмінің ерекшелігін анықтау аясында дағдының болуы және Қазақстандық нормативтер бойынша салықтық есептерді бір-бірімен салыстыру.

Құзіреттілігі: Шетелдердегі салық салу сұрақтарын ашу аясындағы базалық білімді көрсету және әлемдік тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, Д.М. Акишева, И.С. Жұртыбаева.

12

KPSKU 0312

Қазақстан Республикасында салық қызметін ұйымдастыру


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мемлекеттік салық қызметі органдары қызметінің экономикалық мәнін оқу, нарықтық қатынас жағдайында үлкен мәнге ие болған мемлекеттің экономикасын басқару және дамытудың орнын анықтау.

Қысқаша мазмұны: Салықтық қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Салықтық органдардың және оның қарамағындағылардың құрылымы, функциясы, құқығы мен міндеттері. Салық органдарының қалыптасуы және дамуының кезеңдері. Елдегі салықтық реформалардың негізгі тұжырымдамалары. Мемлекеттік бақылауды жүргізу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Салықтық әкімшіліктендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту сұрақтарын, қазіргі кезеңдегі салық қызметінің мемлекеттік органының қызмет ету механизмін, салықтық қатынастардың құқықтық реттеуін білу.

Икемділік: Салық салуды басқару процесін жүйелей білу, салық төлеушілермен жұмысты ұйымдастыруды оңтайландыру - Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға және елдің бюджетін қалыптастыруды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Дағды: Салықтық қатынасты реттеуді ұйымдастыру аясындағы дағдының болуы салықтық құқық нормаларының мазмұнына сәйкес талаптарға сай болуды қажет етеді.


Құзіреттілігі: Салықтық заңдылықтарды жетілдіруде және салықтық қатынастың жүйелі механизмін және реттеудің сұрақтары аясындағы базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева,

И.С. Жұртыбаева.



13

MB 0313

Мемлекеттік бюджет


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Мемлекеттік бюджетті экономикалық катего-рия ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет қолданылатын және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады. Мемлекеттегі қаржылық-экономикалық реттеу әдістері мен нысандарының өзгеруі мемлекеттік және аумақтық қаржылар мәселесін егжей-тегжейлі және жан-жақты зерттеуді қажет етеді. ҚР-ның бюджет жүйесі, бюджеттердің жеке түрлерінің мазмұны мен мақсаттары, бюджет жүйесін басқару бойынша қаржы органдарының жұмысы қарастырылады.

Қысқаша мазмұны: Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттік жүйе және бюджеттік құрылым. Бюджеттік жіктеу. Шығындардың функционалдық және экономикалық жіктелуі. Бюджеттің жеке түрлерінің экономикалық мазмұны мен мәні. Бюджетке түсімдер. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жүйесі. Әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету шығындары. Экономиканы мемлекеттік қолдау. Мәдениетті қаржыландыру ерекшеліктері. Бюджетті қалыптастыру және пайдалану. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың ролі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бюджеттік қатынастарды құру және пайдалану сұрақтарын, қазіргі кезеңде олардың қызмет ету механизмін мемлекеттік бюджеттің атқару процесін, мемлекеттік бюджет шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру ережелерін біледі.

Икемділік: Мемлекеттік бюджеттің құқықтық қамтылуына бақылау және басқаруға талдау, бюджеттік ресурстарды пайдалану және тарату, қалыптастыру процесін жүйелеуді білу.

Дағды: Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды ұйымдастыруда және олардың орындалуын ұйымдастырудағы дағдының болуы.

Құзіреттілігі: Бюджеттік қатынастар жүйесін қалыптастыру және пайдаланудағы және қазіргі кезеңдегі олардың қызмет етуінің механизмінде базалық білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, И.С. Жұртыбаева.

14

SB 0314

Салықтық бақылау


Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит

Пререквизит – 101 кредит

Постреквизит – жоқ

Оқытудың мақсаты: Салықтық бақылау жүйесінің қызмет етуін оқу, яғни экономикалық мазмұнын ашу, салықтық бақылауды жүргізу процедурасы және элементтері, салықтық бақылауды жүргізудің формалары мен әдістері, салықтық бақылау нәтижелеріне шағымдану тәртібі, салықтық заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері.

Қысқаша мазмұны: Салықтық тексеру жүргізудің норомативтік базасы: салық төлеушілердің толық және мерзімінде есеп беруіде, есептеу дұрыстығын тексеруді мерзімінде жүргізуде, бюджетке салықтарды мерзімінде және толық төлеуде, тексету кестесіне МСК жауапкершіліктері. Тексеру түрлері, тексеру әдістерін таңдау, тексеру бағдарламасын құру, құжаттық тексеру жүргізу регламенті, тексеру кезінде қолданылатын кәсіпорынның құжаттары мен есептік регистрлері; құжаттық тексеруді жүргізу әдістемесі, олардың нәтижелерін рәсімдеу, ҚР салықтық заңдылығын сақтауда салық төлеушілердің жауапкершілік шараларын анықтау, заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстарды қарастыру, қарсы тексеруді ұйымдастыру, қаржылық полиция органдарымен және басқа да әкімшілік құрылымдармен бірігіп тексеру жүргізу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Салықтық әкімшіліктендіру тиімділігінің шарттарын біледі, яғни салықтық бақылау. Салықтық заңдылықтың орындалуы, салықтық бақылаудың тиімді түрлерін пайдалану.

Икемділік: Салықтық бақылау нәтижелерін қалыптастыру аясында білімді пайдалана білу, аударымдардың дұрыстығына бақылау жүргізу, бюджетке салықтық және басқа да түсімдердің өз уақытында толықтүсуін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының салық органдарымен құқық бұзушылықты жою.

Дағды: Салықтық бақылауды ұйымдастыру аясындағы дағдының болуы және салық төлеушінің қызметінің қаржы-шаруашылық жағдайына талдау мақсатында салықтық бақылауды жүргізудің прогрессивтік әдістерін пайдалану, мейлінше көп жасалатын салықтық құқық бұзушылықты анықтап, соған бағытталған салықтық бақылаудың тиімді әдісін қолдану.

Құзіреттілігі: Салықтық бақылауды жүргізу аясындағы, салықтық төлемдерді есепке алу жүйесін жетілдірудегі, қазынашылық орган мен салық органының арасындағы өзара ақпараттық байланыстағы базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар А.К. Ибраева, И.С. Жұртыбаева.

15

SSeTB 0315


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет