Электр қауіпсіздігі Жоспар


Электромагниттік өрістерді нормалау



бет26/27
Дата14.12.2023
өлшемі153.18 Kb.
#486548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
f61dbbe17d5d170

3 Электромагниттік өрістерді нормалау
Радио жиіліктердің әсер етуіне байланысты аурулардың алдын алу үшін жұмыс орнында (жұмыс істейтін қызметкерлерге және тұрғындар үшін) кернеуліктің және энергия ағыны тығыздығының (ЭАТ) шекті рұқсатты мәндері қойылған.
МСТ 12.1.006.-84 сәйкес, жұмыс күні уақытында қызметкердің жұмыс орындарында 60 кГц ден 300 МГц дейінгі диапазонда электромагниттік өрістің кернеулігі қойылған шекті рұқсатты деңгейден (ШРД) аспауы керек:
- электрлік құрам бойынша (В/м):
60 кГц тен 3 МГц дейінгі жиіліктер үшін 50;
3 тен жоғары 30 МГц дейінгі жиіліктер үшін 20;
30 дан жоғары 50 МГц дейінгі жиіліктер үшін 10;
50 ден жоғарыжәне 300 МГц дейінгі жиіліктер үшін 5;
- магниттік құрам бойынша (А/м):
60 кГц тен 1,5 МГц дейінгі жиіліктер үшін 5;
30 дан 50 МГц дейінгі жиіліктер үшін 0.3.
Қазіргі кезде СЭВ 5801-86 стандартына сәйкес, сонымен бірге санитарлық ережелер және нормалар 2.2.4/2.1.8.055-96 сәйкес, шекті рұқсатты деңгейді (ШРД) энергетикалық ауырлыққа қарай 60 кГц тен 300 МГц дейінгі жиіліктер диапазонында анықтайды.
Электромагниттік өрістердің параметрлерін өлшеу үшін арналған приборлар.
Кеңістікте электростатикалық өрістің (ЭСӨ) кернеулігін өлшеу үшін өлшеу диапазаоны 0,2...2500 кВ/м ие ИНЭП-1, ИЭСП-1, ИНЭП-20Д приборларын, жер бетінде (ЭСӨ) өлшеу үшін өлшеу мәндерінің шегі 4...500 кВ/м болатын ИЭЗ-П приборын пайдалану ұсынылады.
Тұрақты магниттік өрістің кернеулігін өлшеу үшін өлшеу диапазаоны 0...1600 кА/М болатын Ш1-8 и Ф4355 приборларын пайдаланады. Өндірістік жиіліктегі магниттік өрістің кернеулігін өлшеу үшін өндіріс 0,02...20 кГц диапазонында өлшеу диапазоны 0...15 кА/м болатын Г-79 приборын шығарды.
4 Электромагниттік өрістерден қорғану әдістері және жеке қорғаныс құралдары
Жиіліктердің жұмыс диапазонына, орындалатын жұмыстардың сипаттамасына, сәулелену деңгейіне және қажетті тиімді қорғанысқа байланысты нормалардың талаптарына сол немесе басқа параметрлердің сәйкессіздігі кезінде келесі тәсілдерді және қорғаныс құралдарын (немесе олардың комбинацияларын) қолданады: уақытпен және қашықтықпен қорғану; тікелей сәулелену көзінде сәулеленудің параметрлерін азайту; сәулелену көзін экрандау; жұмыс орнын экрандау; жұмыс бөлмелерінде қондырғыларды рациональды орналастыру; қондырғыларды пайдаланудың және қызмет көрсететін персоналдың жұмысының рациональды режімдерін орнату; алдын ала ескертетін дабыл құралдарын қолдану (жарықтық, дыбыстық және т. б.); сәулелену зонасын анықтау; жеке қорғаныс құралдарын қорғану.
Электромагниттік сәулелену зонасында жұмыс істейтіндерді өте нақты қорғайтын қорғаныс құралдары болып жеке қорғаныс құралдары табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет